23 Сентябрь
11:45
Астана: 0 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Спорт
19 сәуір 11:30
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Олимпиада алдындағы жанжал: депутаттар Бразилия президентінің отставкасын мақұлдады


Бразилияда ірі саяси дағдарыс өршіді. Парламенттің төменгі палатасы ел президенті Дилма Русефке қатысты импичментті мақұлдады. Енді түпкілікті шешім парламенттің жоғарғы палатасы - Сенаттың қолында, деп хабарлады Вести.ру.
Парламенттегі дау бес сағатқа жалғасты - депутаттар бір-бірін және президентті сыбайлас жемқорлыққа, көршілермен мәмілеге және елдегі бандитизмге айыптады. Көшеге 60 мыңнан астам адам жиналды: жасыл жалау көтерген импичмент жақтастары және қызыл жалаумен - олардың қарсыластары. Оларды қоғамдағы  екіге жарылушылықтың символы -  бір шақырымдық қоршау бөліп тұрды. Ақырында жасылдар жеңіске жетті: преиденттің отставкасын депутаттардың басым бөлігі жақтады. Дилма Русеф үкіметтің экономикалық есептерін бұрмалауға күдіктелуде: оған бюджет жетіспестігін зейнетақы қоры есебінен толықтырған деген кінә тағылуда.
Ал Дилма Русефтің өзі бұл оқиғаны ел тарихындағы ірі алаяқтық және бүлік шығаруға тырысушылық деп атайды. Сенаттағы дауыс беру мамыр айына белгіленген. Сенаторлар да президенттің отставкасына дауыс беруі мүмкін, өйткені олардың көпшілігі биліктегі солшыл еңбекшілер партиясына оппозициялық көңіл-күйде. Бразилияда экономикалық рецессияның өршіген тұсында президенттің рейтингсі рекордтық 11 пайызға дейін құлады, бірақ та құрмет сақталып қалды. 

Болгарлық иммигранттың қызы саяси мансабын социалистер қатарында бастап, әскери диктатурамен Че Гевараның әдісімен күресті, екі жылдың үстінде түрмеде отырды, 1980-ші жылдары бразилиялық парламенттегі кедейлердің басты қамқоршысы деп саналды. Американдық ұлттық қауіпсіздік қызметінің адамдардың үстінен ізін бағу жүргізгенін Сноуден әшкерелегеннен кейін Русеф Вашингтонға қарсы ірі саяси жанжал шығарды, өзінің АҚШ-қа сапарынан және Обамамен салтанатты қонағасыдан бас тартты. Бұл қатынастарды қалпына келтіруге екі жыл кетті. Соңғы 100 жылдағы ірі дағдарыс орын алғанына қарамастан, әлемнің жетінші экономикасымен ынтымақтастыққа барлығы да мүдделі, бірақ та Бразилия әзірге БРИКС елдерін таңдап отыр.
Халықтың тұрмысы төмен жіктері қазіргі билікке ондаған әлеуметтік бағдарламалары үшін қарыздар. Бір ғана кедейлерді қолдаудың өзі 12 миллион отбасын қамтиды. Импичментті қолдауға көшеге әзірге орта тап қана шықты, Американы жақтайтын оппозиция Халықаралық валюта қоры арқылы бразилиялық экономикалық кереметке уәде беруде. Ал Вашингтонға қарсы кедейлер көшеге шықса, елде «бразилия көктемі» немесе анархия басталуы мүмкін деп санайды қазіргі президент.
Импичмент қазірдің өзінде үкімет жұмысының берекетін келтірді және небәрі 4 ай уақыт қалған Рио Олимпиадасын өткізуге зиянын тигізуі мүмкін.
 
нравится:    624
Теги: Спорт жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии