25 Май
00:06
Астана: 17 °C
Алматы: 9 °C
USD/KZT: 325.75
EUR/KZT: 382.04
RUB/KZT: 5.31
CNY/KZT: 51.04
Спорт
23 ақпан 15:19
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Олимпиада чемпионы атанған алғашқы қазақ қызы туралы қызықты 5 дерек


Қысқы Олимпиадаға Беларусь Республикасының атынан түсіп, алтыннан алқа таққан қазақ қызы Динаре Әлімбека туралы не білеміз.
 
Қазақстан тумасы
 
Динара Қарағанды облысы Абай қаласында дүниеге келген. Ол үш жасқа толғанда ата-анасы Беларусьқа қоныс аударған. Анасы – орыс, әкесі – қазақ ұлтынан. Ал, өзі болса: «Менің ес білгелі бергі бар өмірім Беларусь елімен байланысты, сондықтан мен өзімді 100 пайыз белорус қызы ретінде сезінемін», —дейді.
 

 
Фортепианода ойнап, сноуборд тебеді
 
Динара 10 мыңнан астам тұрғыны бар Чаусы қаласында өсіп жетілген. Жастайынан хореографиямен айналысып, өнер мектебінде фортепиано сыныбында тәлім алған. 11 жасында алғаш рет шаңғы тебумен әуестенген.
«Маған спорт мектебі қатты ұнайтын, мен тіпті анамды мектептегі сабақтың орнына жаттығуға баруға рұқсат беруін өтініп, жылайтынмын», — деп еске алады балалық шағын биатлоншы.

Алғашқыда ол барлық үйірмені қоса алып жүруді жоспарлаған – «спорттық жарыстардан үйге медаль алып, бір қолыма нота ұстап қайтатын». Алайда, соңында биатлонға деген қызығушылығы басым түсіп, спорт жолына түбегейлі бет бұрады.

Оның отбасында спортшылар болған емес. «Тек атам ғана денесін шынықтыру мақсатында қарда жалаңаяқ жүгіретін», — дейді Динара.
 
Сонымен қатар, ол коньки және сноуборд тепкенді ұнатады.
 
 

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жұлдызы жанды
 
2015 жылы Раубичиде өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Динара алтын медаль иеленді. Осы кезден бастап оны командалас әріптестері әзілдеп «Динозаврик» деп атай бастаған.
— Қыздар мені әзілдеп «Динозаврик» деп атайды. Бірақ мен кекшіл емеспін. Керісінше, ақпейілдімін.
 


 
Жоғары білімді маман
 
22 жасар биатлоншы — жоғары білімді маман. Әлімбекова 2017 жылы Беларусь мемлекеттік дене шынықтыру университетінің шаңғы спорты және биатлон кафедрасын тәмамдаған.


 
Экзотикалық саяхатшы
 
Кәсіби спортшылардың кестесі үнемі тығыз әрі жолаушылап сапар шегумен өтетіні белгісі. Соған қарамастан, олардың да бос уақыттары болып жатады. Сондай демалыстарын Динара экзотикаға толы саяхаттарға арнайды.




***
Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Қысқы Олипиада ойындары Динара Әлімбекованың алғашқы Олимпиадасы.
22 ақпанда Беларусь биатлоншы қыздары – Надежда Скардино, Ирина Кривко, Динара Әлімбекова және Дарья Домрачева эстафеталық жарыста топ жарып, алтын медальға ие болды.




Дереккөзі: Sport.tut.by
 
нравится:    344
Теги: Спорт жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии