17 Август
05:32
Астана: 12 °C
Алматы: 16 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Спорт
27 маусым 16:30
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Олимпиада чемпионы Зика вирусын жұқтырды


4х100 м   эстафетада 2012 жылғы Олимпиада чемпионы, қысқа  қашықтықтағы  ямайкалық желаяқ Кемар Бэйли-Коул Зика вирусын жұқтырды. Бұл туралы спортшы Gleaner басылымында хабарлады, деп мәлімдеді ТАСС.    
24 жастағы жеңіл атлет келесі аптада өтетін олимпиада алдында өтетін турнирге дайындықтың өту барысына аз-маз алаңдаулы екенін атап өтті. «Денсаулығымның қалпына келуі оңай болмай тұр. Денемде бөртпе әлі де бар, көзім ауырады. Оңалу жағынан айтсам, тек бұлшық еттерімнің ауырғаны басылды», - деді Бэйли-Коул.
Спринтер шаштаразға барғанша, вирусты жұқтырғанын білмеген, «Шашымды қиғаннан кейін құрбым мойынымнан ісікті байқады, ол лимфалық түйін болып шықты», - деді спортшы.
Зика вирусынан болатын безгек ұзақ уақыт адам өмірі үшін қауіпсіз саналып келді. Алайда Бразилияда кеңінен тарала бастағанда, вирустың қайтымсыз салдары бары анықталды. Ал аурудың асқынуы жедел ғылыми зерттеу жасау қажеттігін талап етеді. Ақпанның басында ДДСҰ Оңтүстік және Солтүстік Америка елдерінде пайда болған Зика безгегін  төтенше әрі қауіпті ауру деп таныды.
Қазір вирус жұқтырғандар Латын Америкасының 20-дан астам елдерінде, Кариб бассейні, АҚШ, Еуропаның бірнеше мемлекеттерінде тіркелген.

 
нравится:    544
Теги: Спорт жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии