20 Октябрь
03:50
Астана: 5 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Спорт
29 маусым 13:37
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Олимпиада комитеті федерацияларға сертификаттар табыстады (ФОТО)


Олимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық федерацияларға Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің тану туралы сертификаттары табысталды,

Салтанатты жағдайда Ұлттық Олимпиадалық комитеттің атқарушы директоры Серік Қасқабасов Қазақстандық бокс федерациясына, грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясына, Қазақстандық таеквондо (WTF) федерациясына, дзюдо федерациясы мен Қазақстан Республикасы су спорты түрлері федерациясына жаңа үлгідегі тану туралы сертификаттарды табыс етті.

Қазақстан Республиксы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің федерацияны тану туралы сертификаты федерацияның Қазақстанда шынайы әрі ұзақ мерзімде спорт түрін дамыту жөнінде спорттық қызметпен айналысатынын дәлелдейтін құжат болып табылады.

Қазақстан Республиксының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына сәйкес федерацияның Ұлттық Олимпиадалық комитетімен танылуы Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігінде федерацияға елімізде спорт түрін дамытуға өкілеттілік беретін салалық аккредитациядан өту шарттарының бірі екенін айта кету керек.
















 
нравится:    569
Теги: Спорт жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии