19 Октябрь
22:24
Астана: 5 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Әлем жаңалықтары
8 тамыз 14:58
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Олимпиада ойындарынан кейін Бразилия экономикасы құлдырауы мүмкін

 
Сарапшылар Олимпиада ойындары аяқталғаннан кейін Бразилия экономикасы құлдырап, елде  дағдарыс басталады деген болжам айтып отыр.
 
Бразилия билігі Олимпиада ойындарын ұйымдастыру үшін әуелде білім беру жүйесі мен әлеуметтік бағдарламаларға, сондай-ақ денсаулық сақтау саласына бөлінген қаражатты жұмсаған. Халық мемлекет тарапынан ұсынылатын жеңілдіктерден қағылған.
 
Оксфорд университетінің сарапшылары жүргізген зерттеу Бразилияда 1930 жылдан бергі құлдырау басталғанын көрсетіп отыр.
 
Инфляцияның жылдық көрсеткіші 8,84% жеткен. Өткен жылғы бюджет тапшылығы жеті есе өсіп, 28,8 млрд долларға өскен. Ал Бразилияның сыртқы қарызы билығы жылдың сәуір айында ЖІӨ 67,5% құраған.
 
Олимпиада ойындарына дайындық жылдар бойы жүргізілгенімен елде қажетті көлік инфрақұрылымы жасалмаған. Сондай-ақ барлық спорт кешендері дұрыс салынбаған. Ойындарды ұйымдастыру үшін Риоға 850 млн доллар несие берілген. Күні бүгінге дейін Рио ойындарына 12 млрд доллар жұмсалған. Бұл цифр тағы өсуі мүмкін.
 
Бразилияның Олимпиада ойындарын өткізуден бас тартуға мүмкіндігі бар еді. Мысал үшін 1986 жылы Колумбия футболдан әлем чемпионатын өткізуден бас тартып, жолын Мексикаға берген болатын. Бірақ бұл жолы Бразилия билігі үшін атақ-мәртебе маңыздырақ болса керек. Біздің қазақ мұндайда көрпеңе қарай көсіл деуші еді.
 
Дереккөз: informing.ru
нравится:    733
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии