19 Октябрь
22:26
Астана: 5 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Спорт
13 маусым 16:33
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Олимпиада рекордтары кімге тиесілі?


ХХІ Жазғы олимпиада ойындарының басталуына екі айдан аз уақыт қалды. Төрт жылда бір рет өтетін ғаламдық спорт додасына Қазақстанның жүзге жуық спортшысы қатысады деп күтілуде. Ежелгі Эллада елінің ойындарының ХІХ ғасырдың соңында қайта жаңғырып, 1896 жылдан бері тұрақты өтіп келе жатқаны белгілі. Содан бергі уақыт аралығында Жазғы олимпиада ойындарын АҚШ пен Ұлыбритания үш рет, Греция мен Франция екі реттен өткізіп үлгерді.

Олимпиада тарихында ең ұзаққа созылған жазғы дода 1900 жылы болды. Сол уақыттары Парижде өткен ІІ жазғы олимпиада ойындары спорт тарихтағы ең ұзаққа созылған жарыс болып есептелді. Әлі күнге дейін бұл рекордтық көрсеткішті бірде-бір жарыс жаңарта алған жоқ. Олимпиада Халықаралық көрмеге орайластырылып өткендіктен 14 мамырда басталған ойындар қазан айының 28-не дейін созылған болатын.


Олимпиада тарихында ең көп медаль иеленген спортшылар саны жеткілікті. Солардың ішінде америкалық Майкл Фелпстік есімі жеке дара аталады. Ол 2004, 2008, 2012 жылдары өткен олимпиада ойындарында 18 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль иеленген. Салыстырмалы түрде айтқанда, оның иеленген жүлде қоры тәуелсіздік жылдарынан бері бес олимпиадада 16 алтын еншілеген Қазақстаннан жоғары болып отыр. Мұның қатарына әйгілі Нелли Кимді қосуға болады. Олимпиадалық жүлделерінің қомақты жиынтығының иегері Монреаль мен Мәскеудегі додада 6 медаль жеңіп алса, оның бесеуі саф алтыннан...



Олимпиада ойындарында күш қолданылатын спорт түрлері бойынша үш дүркін чемпион атанған спортшылар саусақпен санарлық. Олардың көш басында әйгілі венгр боксшысы Ласло Папп тұр. 1948, 1952, 1956 жылдары қарсылас шыдатпаған мажар боксының өкілі үш дүркін олимппиада чемпионы атанды.



Бұдан кейін келмеске кеткен КСРО заманының һас батыры беларус балуаны Александр Медведь сынды еркін күрес шебері бар. Өз заманында бозкілемде атой салған спортшы аса ауыр салмақта 1964, 1968, 1972 жылдары олимп шының үш мәрте бағындырды. Бұл күрес тарихындағы теңдессіз саналған алғашқы балуан.



Бокстан шаршы алаңда қарсылас шыдатпаған кубалық қабылан Теофилео Стивенсонның есімі қашан да аңыз. 2012 жылы 60 жасында жүрек дертінен өмірден озған ол үш дүркін олимпиада чемпионы атанған екінші боксшы. Тұңғыш рет бокстан төрт дүркін жаһан чемпионы деген атағы тағы бар. 1972, 1976 жылдары олимп алтынын иеленген ол 1980 жылы Мәскеу олимпиадасында еш қарсыласына есе жіберген жоқ. Егер Куба тарапы капиталистік АҚШ-қа байкот жарияламағанда, 1984 жылғы Лос-Анджелес олимпиадасынла оның төртінші мәрте олимпиада чемпионы атануы мүмкін еді.



Стивенсонның рекордың қайталаған оның отандасы Феликс Савон. Теофилеомен аз уақыт бір құрамада өнер көрсеткен ол 1986 жылы әлем чемпионы атанды. Өкініштісі сол, 1988 жылы Сеул олимпиадасынан Куба спортшылары тыс қалды. Алайда, одан кейінгі 1992, 1996, 200 жылдары өткен олимпиадада Савон өзінің әлеуетін толығымен паш етіп, үздіктер көшін бастады. Спорттық ғұмырында үш мәрте олимпиада чемпионы, әлемнің алты дүркін әлем чемпионы, төрт мәрте әлем кубогының иегері атанған оның есімі олимпиада тарихынан ойып орын алды.



Ғұмырында алғашқы және соңғы белдесуінде ғана финалда есе жіберіп, күміс жүлде еншілеген орыс балуаны Александр Карелинді таныстырып жатудың өзі артық. 1988, 1992, 1996 жылдары аса ауыр салмақта грек-рим күресінен үздік атанған ол 2000 жылы Сиднейге өз рекордтың жаңарту үшін барған еді. Әлемнің 9, кәрі құрлық Еуропаның 12 дүркін жеңімпазы өзінің спорттың мансабындағы соңғы белдесуін жеңіліспен аяқтады. Сөйтіп, ол олимпиада ойындарының төрт мәрте финалісі атанып, күрес тарихында есімі алтын әріппен жазылды.



Тадахиро Намура есімді жапон балуаны дзюдо тарихында алғаш рет үш дүркін олимпиада чемпионы атанған спортшы. 60 келінің оғланы қол жеткізген рекордқа осы күнге дейін ешбір татами шебері қол жеткізе алмай келеді. 1996 жылы Атлантада мерейі үстем болған Тадахиро бұл көрсеткішін 2000 жылы Сиднейде, араға төрт жыл салып Афинада қайталай алды.



Еркін күресте ғаламға аты мәшһүр Александр Медведьке жете туған балуан шешен жігіті Бувайсар Сайтиев. Ғұмырында төрт олимпиаданың бозкілемінде белдескен ол үш рет олимп алтынын иеленген. Әлемнің және Еуропаның алты дүркін чемпионы 1996, 2004 және 2008 жылғы олимпиада барлық қарсыласынан басым түсті.



Бұл межені қайталай алған балуан өзбек елінің намысын қорғады. Осетияда туып-өсіп, кейіннен Өзбекстан атынан сынға түскен Артур Таймазов 21 жасында Сидней олимпиадасының күмісін иеленді. Ол кезде оны ешкім үш дүркін олимпиада чемпионы атанады деп болжамаған болар. Бірақ 2004, 2008, 2012 жылдардағы олимпиада ойындарында Таймазовқа тең келер ешкім болады. Азия Ойындарының үш дүркін жеңімпазы әлем чемпионаттарында 5 рет олжа салды. Ол Александр Карелиннен кейінгі күрес түрлері бойынша төрт олимпиада медалін еншілеген екінші спортшы.



55 келі салмақ дәрежесінде Саори Есида есімді күншығыс елінің өкілі осыған дейін бозкілемде қарсыласынан кем түскен кезі жоқ. Азия Ойындарын төрт рет ұтқан Саори құрлық чемпионаттарын да оңай жеңді. Әлем чемпионатында бұған дейін болмаған рекордтық көрсеткіш те оған тиесілі. 13 дүркін әлем чемпионы атанған Саори 2004, 2008, 2012 жылдардағы олимпиадада жеңіс тұғырына көрініп, әйер арасындағы тұңғыш үш дүркін олимпиада жеңімпазы атанды.



Оны өкшелеп келе жатқан отандасы Каори Итёнің есімі спортсүйер қауымға етене таныс. Әлем чемпионатының он алтын медалін еншілеген ол Саориден кейін әйелдер арасында үш дүркін олимпиада чемпионы атанған екінші спортшы. 2004, 2008, 2012 жылдары қарсыластарынан бір саты биік тұрған жапон қызы биылғы Рио олимпиадасында бақ сынайды. Егер жолы болып, олимпиада чемпионы атанып жатса онда Каори бұған дейінгі рекордтық көрсеткішке өзгеріс енгізбек...


Жалпы, күш қолданылатын спорт түрлері бойынша олимпиада медалін бірнеше рет иеленген споршылар қатарына КСРО боксшысы Борис Логутин (2 алтын, 1 қола: 1960, 1964, 1968), ресейлік Олег Саитов (2 алтын, 1 қола: 1996, 2000, 2004), қытайлық Зоу Шиминь (2 алтын, 1 қола: 2004, 2008, 2012), италиялық Роберто Камарелло (1 алтын, 1 күміс, 1 қола: 2004, 2008, 2012) сынды спортшылар енеді. Бұлардың қатарына түркиялық Хамза Ерликая (2 алтын: 1996, 2000), кубалық грек-рим күресінің өкілі Мануэль Лопес (екі алтын: 2008, 2012), ресейлік Мәулет Батыров (екі алтын: 2004, 2008), ресейлік Алексей Тищенко (2 алтын: 2004, 2008), украиналық Василий Ломаченко (2 алтын: 2008, 2012), тайландтық Манус Бунжамнонг (1 алтын, 1 күміс: 2004, 2008), кубалық Марио Кинделан (екі алтын: 2000, 2004), кубалық Гильермо Ригондо (екі алтын: 2000, 2004), моңғолиялық Тувшинбаяр Найдангийн (1 алтын, 1 күміс: 2008, 2012), франциялық Тедди Ринер (1 алтын, 1 қола: 2008, 2012), ресейлік Хасан Бароев (1 алтын, 1 күміс: 2004, 2008), кореялық Ким Дже Бум (1 алтын, 1 күміс: 2008, 2012), германиялық Оле Бишов (1 алтын, 1 күміс: 2008, 2012) сынды талантты спортшыларды қосуға болады.



Қазақ спортшылары арасында тұңғыш рет екі дүркін олимпиада чемпионы атанған ауыр атлет Илья Ильин екені баршаға мәлім. Бейжің және Лондон олимпиадасында үздік шыққан оның Рио олимпиадасында үшінші мәрте оза шабуына мол мүмкіндігі бар.



Оның алдында 1996 және 2000 жылдардағы олимпиада ойындарының финалында өнер көрсетіп, күміспен күптелген Болат Жұмаділов есімі қазақ спортының биік көрсеткіші саналады.


Бокстан олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымовтың 1996 жылы Атлантада өткен төртжылдықтың басты додасында қола медаль алғаны бар. Қазақ боксында екі дүркін олимпиада жүлдегері атанған спортшылар әзірге екеу ғана.


КСРО-ның жеті дүркін жеңімпазы атанған грек-рим күресінің һас шебері Дәулет Тұрлыхановты да осы қатарға қосуға болады. Екі мәрте олимпиада ойындарында жүлде алған Дәулет 1988 жылы Сеулде күміс еншілеп, кейін Барселонада (1992) қолаға қол жеткізді.

Қазақстан өз алдына дербес ел болып, тәуелсіз ел ретінде 5 мәрте Жазғы және 6 рет Қысқы олимпиадаға қатысыпты. Оның ішінде жазғы олимпиададан еліміздің спортшыларының мерейі үстем болып, 16 алтын медаль алғанын аса зор мақтанышпен айтуға болады. Биылғы сында Илья Ильиннің үш дүркін олимп чемпионы атануына мүмкіндік болса, жеңіл атлет Ольга Рыпакова мен ауыр атлет Зульфия Чинчанлоның екі дүркін чемпион атанарына жанкүйерлер күмән келтірмейді. Бұдан басқа, Әділбек Ниязымбетов, Иван Дычко сынды гүрзі жұдырықты боксшыларымыздың екінші рет олимпиада медалін олжалауы әбден мүмкін...


Жангелді ҚАРЖАН
http://baq.kz
 
нравится:    966
Теги: Спорт жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии