|    |  
13 қараша 2018
23:02
қаз
Олланд Мәскеуде Путинмен кездеседі
26 қараша, 11:24 756
Мәскеуде бүгін Ресей президенті Владимир Путин мен Франция президенті Франсуа Олланд кездеседі.

Осы аптада Олланд "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына қарсы әскери операциясын жалғастыруға қолдауын алу үшін әлемдік жетекші елдердің басшыларымен кездеседі.


25 қарашада Олланд Парижде Германия канцлері Ангела Меркельмен кездескен. Ол Германияны Ирак пен Сирияда ИМ-мен күреске күш салуға шақырған. Меркель терроризммен күресте Францияға барынша қолдау көрсетуге уәде берген.

Кеше Франция парламенті қыркүйекте басталған ИМ содырларына қарсы әскери-әуе шабуылдарын ұзартуды бірауыздан қолдаған. Франция 2014 жылдан бері Ирактағы содырларға әуеден соққы жасап келеді.

Осы аптада Олланд Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен Және АҚШ президенті Барак Обамамен исламшылдармен күрес мәселелерін талқылаған. Жақын күндері ол Италия премьер-министрі Маттео Ренцимен кездеседі.

Парижде 13 қарашада жасалған терактілерден 132 адам қаза тауып, 350-ден астам адам жараланған.

Дереккөзі: Азаттық
Жаңалықтар