|    |  
21 ақпан 2020
00:12
қаз
Өмірдегі «Тақтар таласы»: Джон Сноу Нью-Йорктегі барда жанжал шығарды
07 қаңтар 2018, 12:11 63



«Тақтар таласы» сериалында негізгі кейіпкер Джон Сноудың рөлін сомдайтын Кит Харингтон Нью-Йорктегі барлардың бірінде жанжал шығарды, деп хабарлайды TMZ.
 
Қатты масаң күйдегі Харингтон барда бильярд ойынына араласқысы келген. Ол қатты ашуға бой алдырып, үстелді ұрып, кий таяқшасын алып, ойыншыларға тиісе бастаған.
 
Ғимарат әкімшілігі Харингтонның кетуін өтінген. «Тақтар таласының» жұлдызы бардан шығып кетіп, біраз уақыттан кейін қайта оралған. Осыдан кейін бардың күзетшілері мас актерді залдан қуып шығарған.



Видео 5 қаңтарда Нью-Йорктегі барда түсірілген. 

Оқиға қалай аяқталғаны әзірге белгісіз.

Дереккөзі: http://korrespondent.net


Жаңалықтар