|    |  
21 ақпан 2020
00:57
қаз
Өмірге қартайып келген Өркешпаев қайда?
11 қаңтар 2018, 11:48 59
Әлқиссаның шындығын кім біледі? Ол әлбетте белгісіз. Өркешбаевтың өміріне қызығушылық ресейлік "Айта берсін" ("Пусть говорят") бағдарламасына шақырту алғанынан бастау алғанды. Сол сәттен бастап отандық БАҚ өкілдері де оянды. Оны шақырды. Оны әңгіме етті. 



Тағдырынан туа таяқ көрген Нұржанның бүгінгі жай-күйі қандай? Бұл туралы дерек аз. Себебі жылдар жылжыды, күндер өтті көзден кеткен Нұржан көңілден де жоғалды-мыс. Халық өзіне "91", Сайлаубек секілді тақырыпты тапты, талқы жасады. 

2015 жылы Нұржан үйленді деген ду пайда болды арада. Елдің барлығы бақыт тіледі. Бағы ашылды деп кесті жас-кәрі жігіттің. Алайда, махаббаттың ғұмыры таусылды ма, басқа ма отбасы кейін ошағын сөндірген екен. Ол туралы ол өз инстаграмм парақшасында жария еткен болатын. 

Қазір Нұржан Атырау облысына қарасты Мұқыр ауылында ғұмыр кешіп жатыр екен. Аз-маз ем домын қабылдауда. "Қамшы" порталына берген сұхбатында ол Атырау атқа мінерлері бір бөлмелі пәтер бергенін айтқан екен. Алайда онда ол Атырауға келген кезде ғана түнейді екен. Табыс көзі - той. Аптасына екі-үш рет музыкант болып шығады. Өзінің пайымынша өзіне жетеді табысы. 

Дереккөзі: Reactor 


Жаңалықтар