|    |  
23 мамыр 2019
17:56
қаз
Өмірге сенімсізсіз бе?
18 сәуір 2019, 12:30 86


Өзіңізге сенімді адамсыз ба, әлде тек сыртқа солай көрінесіз бе? Мұны төмендегі тест сұрақтарына жауап беру арқылы анықтап көріңіз:

1. Қол алысып амандасқандағы сіздің әрекетіңіз:
а) қатты қыса амандасып, қолды тез тартып аламын;
ә) бірнеше секунд сілкілей тұрып аламын;
б) тез әрі жеңіл қол алысу.

2. Сіздің жұлдызнамаңыз:
а) Арыстан, Тоқты, Тауешкі, Торпақ;
ә) Егіздер, Сарышаян, Суқұйғыш, Мерген;
б) Балықтар, Шаян, Бикеш, Таразы. 

3. Сіздің теріңіздің күйі:
а) ерекше күтім талап етпейді, қалыпты;
ә) аса сезімтал дей алмаймын;
б) құрғақ әрі тым сезімтал.

4. Саябақта терең ойға шомылып отырған бойжеткенді көргендегі сіздің ойыңыз:
а) өзімен-өзі керемет нәрселерді еске алып отыр;
ә) өзіне аяушылық танытатын көзқарас іздейді;
б) әлденені қатты уайымдап отыр;

5. Сіз үшін қалыпты және үйреншікті нәрсе:
а) өкпе мен ренішті тез арада ұмытып кету;
ә) қателік жіберген жағдайда өзгелердегі осындай жағдаймен салыстыру - әдетім;
б) біреуді алдаған жағдайда ар азабы мазалайды.

6. Сізге мын геометриялық бейнелерді ңқайсысы қаттырақ ұнайды:
а) үшбұрыш;
ә) ромб;
б) шеңбер.

7. Мына спорт түрлерінің қайсысын тамашалағанды ұнатасыз:
а) паршютпен секіру;
ә) суға секіру;
б) альпинизм.
* * * * * * * * 
Енді жауаптардан қай әріпті көп жинағаныңызды қараңыз.
1. Жауабыңызда «а» әрпі көп болса, онда сіз өзіңізге өте сенімді жансыз. Тіпті тығырыққа тірейтіндей күрделі жағдайлардың өзінде іштей қобалжығанмен, оны сыртқа байқата бермейсіз. Сондықтан сізге қызығатын, үлгі алатын, еліктейтін адам көп.
2. Жауабыңызда «б» әрпі көп болса, онда қалыпты жағдайда сенімді көрінгенмен, кейбір сәттерде сасқалақтап қалатын әдетіңіз болуы мүмкін. Әсіресе басшы алдында немесе шұғыл шешім шығаратын сәттерде сенімсіздігіңізді байқатып қоясыз. Сабырлы болуды үйреніңіз.
3. Жауабыңызда «б» әрпі көп болса, онда өзіңізден гөрі жақындарыңызға, достарыңызға сенім артып үйренген жан болғаныңыз. Сізге ешкіммен кеңеспей, өз бетіңізше шешім шығарып үйрену керек. Қателік жасап қоямын деген қорқыныштан арылу керек.


Жаңалықтар