21 Октябрь
05:30
Астана: 6 °C
Алматы: 2 °C
USD/KZT: 335.24
EUR/KZT: 395.82
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.65
Мәдениет
19 шілде 17:59
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Өмірқұл Айниязов құны $200 мың болатын үй салып жатыр

Дәстүрлі әнші Өмірқұл Айниязов 2015 жылы Талдықорғаннан Алматыға көшіп келген. Аталған жылы ол су жаңа пәтерін көрсетіп, отандық бағдарламалардың бірі арқылы көрімдік сұраған болатын. Десе де, Айниязов үшін бұл аздық еткен сыңайлы. Себебі, әнші Алматы қаласында құны $200 000 болатын тағы бір “зәулім сарай” салып жатыр.

Бұл туралы Stan.kz 31 арнаға сілтеме жасап  хабарлайды.

Айтуынша, жаңа пәтері заманауи үлгіде салынып, 20-дан астам бейнебақылау мен күзет қойылмақ.

“Былтыр үлкен концертімнен кейін қара тұлпарды тізгіндедім. Қалған ақшаға үйді кеңейтуді жөн көріп жер сатып алдым. Ал былтырғы үйімді қайта сатпақпын. Салып жатқан үйге шамамен $200 000 кетеді. Оған күзеті, камерасы, газоны, бассейні де кіреді”, – дейді Өмірқұл Айниязов.

Термеші үйдің жобасын сызуды арнайы мамандарға тапсырған. Ол болашақта жарық, газ, есік сындыларды пультпен басқарып отырмақ. Жоғарыда айтылғандардан бөлек үйдің ішіне бильярд үстелін қойып, төменгі қабатта сауна салдырмақ. Дәстүрлі әнші қажетті $200 000-ды жинап қойған екен. Тойдағы мөлшерлемесін ашып айтпаса да, доллармен алуды жөн көретінін тілге тиек етті.


“Той көп, тоқтамай жұмыс істеп жатырмыз. Жетісіне екі-үш той болады. Ал нақты мөлшерлемемді айтқым келмейді. Қанша алатынымды өздеріңіз де байқап тұрған шығарсыздар”, – дейді ол.

Қара жұмысшылардан бөлек әншіге пиар менеджері Ринат Тәттібай да көмектесіп жатыр екен. Ол да әншіні тойға шақырушылардың көп екенін айтты. Мұнымен қатар, үшінші ай қатарынан жалақысын ала алмай жүргенін тілге тиек етті.

“Тойдың барлығы тамыз айында басталады. Бүгінге дейін 850 қыздың бетін ашқан екен. Ал алдағы маусымда кезекте 15 қыз күтіп тұр. Жұмыс жетіп артылады. Шымкентке қарағанда, Батыс жаққа көбірек шақырады. Шымкенттің өзіндік той стилі, әндері, әншілері болғандықтан көп бармаймыз. Өмірқұл салиқалы, мағыналы өлеңдер айтқанды ұнатады. Ол маған үш айдан бері жалақы төлемей жүр (күлді.)”, – дейді Ринат Тәттібай. Әнші үйінің құрылыс жұмыстары келер жылдың жаз маусымына дейін жалғаспақ.
нравится:    1011
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии