|    |  
15 қазан 2019
11:34
қаз
Оң мен солын шатастырған диспетчер жолаушыларды апатқа ұшырата жаздады
16 мамыр 2019, 18:27 68
Тайваньның Eva Air компаниясының диспетчері оң мен солын шатастырып, жолаушылар ұшағын апатқа ұшырата жаздады. Ол Boeing 777 ұшағын тау жаққа қарай бағыттаған. Ұшақ тау шыңына жақын, қауіпті жерден ұшып өткен. Оқиға 2016 жылдың желтоқсанында болған. Бірақ тергеу нәтижелері жақында ғана жарияланған.


 
Ауа райының қолайсыздығы себепті диспетчер лайнерді батысқа қарай бағыттауы керек болған. Бірал ол әуе кемесін сол жаққа қарай 180 градусқа бұрылып, екі мың метр биіктікке көтерілуге бағыттаған. 40 минуттан кейін ұшқышқа оңға қарай   180 градусқа бұрылу керектігін айтқан. Нәтижесінде ұшақ Вилсон тауының шыңынан 500 метрде ұшып өткен.

Дереккөз: КорреспонденТ


Жаңалықтар