21 Август
18:04
Астана: 25 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
4 шілде 16:23
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Он жасар бала Путинге ақша салып жіберді

Ресейдің Ингушетия республикасының әкімшілігі әдеттен тыс мейман – 10 жасар Ислам Гатиевті қабылдады. РИА "Новости" агенттігінің ақпарынша, бұған кішкентай ингуш баласының Владимир Путиннің "Тікелей эфир" хабарындағы халыққа арнаған сөзін естігеннен кейін оған өзі жинап жүрген 3 мың рубль ақшасын салып жібергені себеп болыпты.
Хабарды көріп отырған мектеп оқушысы Ресей президентіне хат жазып жіберуге шешім қабылдайды. Ол хаттың ішіне өзі жинап жүрген ақшаны қоса салады.
"Ислам елдегі дағдарысты шешуге осылайша көмектескісі келген", – деп түсіндірді әкімшіліктегілер.
Оқушының президентке салып жіберген ақшасы оның өзіне мемлекет басшысының Ингушетиядағы қоғамдық қабылдау бөлмесінде қайтарып берілген. Ислам сондай-ақ Путиннің қолтаңбасын қойып, арнайы жіберген портретін алған.
Бұлардан бөлек, балаға планшет пен велосипед тарту етіліпті.

Дереккөз: today.kz
нравится:    837
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии