|    |  
25 маусым 2019
06:58
қаз
Оңай мен Қиын туралы
27 мамыр 2019, 10:06 53


✅  1. Өзгенің қателігін жазғырған ОҢАЙ, өз қателіктеріңді мойындау ҚИЫН. 

✅  2. Өзгелерді сынаған ОҢАЙ, өзіңді жақсарту ҚИЫН. 

✅  3. Өзгені кешірген ОҢАЙ, кешірім сұрау ҚИЫН. 

✅  4. Ойланбай сөйлеген ОҢАЙ, тіліңді тартып қалу ҚИЫН. 

✅  5. Әр түні армандаған ОҢАЙ, сол армандарды жүзеге асыру ҚИЫН. 

✅  6. Жеңісті көрсеткен ОҢАЙ, жеңілгеніңді абыроймен көтеру ҚИЫН. 

✅  7. Сүрініп құлаған ОҢАЙ, тұру ҚИЫН. 

✅  8. Өмір сүрген ОҢАЙ, шынайы мәнін білу ҚИЫН. 

✅  9. Қателескен ОҢАЙ, қателескеніңді білу ҚИЫН. 

✅  10. "Жақсырақ боламын" деп ойлаған ОҢАЙ, оны ойлағанды қойып, іске асыру ҚИЫН. 

✅  11. Өзгелер жайлы жаман ойлаған ОҢАЙ, оларды 80 сылтау, 70 желеу тауып, ақтап алу ҚИЫН. 

✅   12. Алған ОҢАЙ, беру ҚИЫН. 

✅   13. Үйлену ОҢАЙ, үй болу ҚИЫН. 

✅   14. Бұларды оқу ОҢАЙ, амал ету ҚИЫН


Жаңалықтар