|    |  
19 қараша 2018
16:19
қаз
Өндіруші компаниялар смартфондардың қатерлік ісікті өршітетінін жасырады
19 маусым, 14:48 60
Танымал мобильді фирмалар, оның ішінде Blackberry, EE, Nokia және Vodafone-ны қоса алғанда акционерлерін обырдың дамуы мүмкін екендігі туралы ақпаратпен құлағдар етіп отырғанымен де, өз тұтынушыларына мұндай ақпаратты жеткізбейді.



Blackberry, EE, Nokia және Vodafone компания басшылары жарнамалар немесе қорапшалары арқылы әзірге өз тұтынушыларына қауіпті онкологиялық аурулардың таралу мүмкіндігі туралы ақпарат таратпайтыны белгілі болып отыр. Алайда компания басшылығы өз акционерлерін мобильді құралдардың қаупі мен тарататын аурулары туралы құлағдар етіп отыратыны да жасырын емес. Nokia компаниясының айтуы бойынша, телефоннан берілетін электромагнитті толқындар әсерінен обырдың дамуы мүмкін екендігі туралы зерттеулер жүргізілген екен.

Обырмен ауыратын 60 жастағы Нил Уитфилд телефон компаниясын сотқа берген бірінші британдық азамат болды. Оның ойынша, дәл қазіргі жағдайына телефон кінәлі. Егер ол өз ісін сотта дәлелдеп шықса, Nokia компаниясынан миллион фунтқа дейінгі қаражатты өндіріп ала алады екен.

Дереккөз: http://www.orthodox.od.ua
Жаңалықтар