11 Декабрь
17:18
Астана: -9 °C
Алматы: 0 °C
USD/KZT: 334.32
EUR/KZT: 392.29
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 50.53
Әлем жаңалықтары
20 наурыз 20:06
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Өнер және спорт жұлдыздары да сайлауда белсенділік танытты (ФОТО)



Бүгін Қазақстанда ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының сайлауы өтуде.
Еліміздегі маңызды саяси оқиғадан отандық эстрада және спорт жұлдыздары да шет қалмады. Олар өздерінің әлеуметтік желідегі жеке парақшаларында пікірлерін білдіріп, фотоларын жариялап жатыр.

Алматыда №371 сайлау учаскесінде КСРО және Қазақстан халық әртісі Бибігүл Төлегенова өзінің Конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс берді.


«Мен бүгін балаларым мен немерелерімнің болашағы үшін дауыс бердім. Олардың болашағы жарқын болсын деп. Біз аға ұрпақ өкілдері көп тауқымет көрдік, соғысты да, аштықты да, қуғын заманын да. Қазіргі тыныштық пен береке үшін Елбасы Н.Назарбаевқа алғысым шексіз», - деді ол.
Жезтаңдай әнші Қазақстан халқы үшін дауыс беру аса маңыздылығын айтты.
«Мен барлық қазақстандыққа денсаулық пен бейбіт өмір тілеймін. Аспанымыз ашық, күніміз жарық болсын», - деді Б.Төлегенова.




Атақты опера әншісі Майра Мұхаммедқызы сайлау учаскесіне дауыс беруге алғашқылардың бірі болып барғанын және "Нұр Отан" партиясына дауыс бергенін жасырмай айтты.



"Қазақтың ерке қызымын" деп ән салудан жалықпайтын Халық әртісі Мақлап Жүнісова да сайлауға барып, халықпен суретке түсіп, көңілденіп қайтқанын айтты.




Аға буынның "Бозторғайы", орта буын мен қазіргі жастардың сүйікті әншісі Мейрамбек Бесбаев та қоғамның болашағы үшін шешуші сәтте белсенділік танытты.



"Жігіттер" тобының мүшесі Бағлан Әбдірайымов саяси белсенділігін көрсетіп, сайлау учаскесінен алғашқылардың қатарынан табыла білді.



Ал, Мәжіліс депутаттығына кандидаттың бірі әнші Қайрат Нұртас та  өз таңдауын жасап, конституциялық құқығын жүзеге асырған. Ол инстграмдағы жеке парақшасында сайлауға дауыс беріп жатқан сәтін суретке түсіріп жариялаған. 





Әлеуметтік желіні белсенді қолданатын спортшылардың бірі, екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин бүгін де тарихи сәттен тыс қалмай, халықты дауыс беруге шақырды.




Олимпиада чемпионы, әйгілі велошабандоз Александр Винокуров Инстаграмдағы жеке парақшасында өзінің конституциялық құқығын жүзеге асырып, таңдауын жасағанын растайды. «268 сайлау учаскесінде дауыс беріп, азаматтық борышымды атқардым! Баршаңызды сайлауға қатысып, дауыс беруге шақырамын. Болашағымыздың жарқын болуы өз қолымызда! Мен бүгін бірлік, тұрақтылық пен жасампаздық үшін таңдау жасадым!», - деп жазды А. Винокуров.



Бокстан Азия чемпионы Данияр Елеусінов те әріптестерінен қалыс қалмай, өз таңдауын жасады.




Еске сала кетейік, саяси додаға барлығы алты партия - «Нұр Отан» партиясы, Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, Қазақстан Коммунистік Халық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы және «Бірлік» саяси партиясы қатысып жатыр.

Дауыс беру Астана уақытымен таңғы сағат 7.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жалғасады.
 
нравится:    849
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии