|    |  
20 қыркүйек 2019
15:00
қаз
Өнер жұлдыздары Нұрғали Нүсіпжановты қалай құттықтауда?
28 тамыз 2019, 12:45 384
Күні кеше әнші Нұрғали Нүсіпжанов өзінен 45 жас кіші журналист Жадыра Сейдешпен шаңырақ көтеріп, дүркіретіп той жасаған еді. Осы орайда қоғамның пікірі екіге бөлінді. Әншілер де бұдан тыс қалмай, әріптестерін жаппай құттықтауда. Олардың көпшілігі халық әртісінің қадамын құптаған.


 
«Басқа-басқа мен ағамды екі қолыммен қолдаймын!!! Бақытты болыңыз аға!!! Нұрғали Нүсіпжанов ағамыз тағы-да шаңырақ көтерді!»-деп жазған Айқын Төлепберген.
 
Ал Абай Бегей «Нұрғали Нүсіпжанов Атамызды қуанышымен құттықтаймын! Нұрғали атамыз байлық жинамаған кісі, жеңгеміз байлығына қызықты деп ойламаймын. Мүмкін ұрпақ қалдыру мақсатында, алде басқа да ойлағандары бар шығар.Біз өміріміз өз ойымыздағыдай болғанын қалаймыз, бірақ кейде Жаратушымыз ойламаған жерден күрт өзгертіп жіберетінін байқамаймыз. Өзіміздің басымызға түспейтіндей артық әңгіме айтып, ұрпақ қалдыру енді есіне түсті ма, анау мынау деп сыртынан күлеміз. Нұрғали Атамыз өмірін қазақ өнеріне арнаған дара тұлға. Өмірде бәріміз де қонақпыз, біреуге ерте біреуге кеш баршамызға Атамыздың жасын берсін! Тағдыры солай болып тұр ғой, артық әңгіме айтып керек емес, алдымызда не күтіп тұрғанын білмейміз. АЛЛА ұзақ ғұмыр, күш қуат берсін!»-деп ақжарма тілегін жеткізген.
 
Ақ тілегін жаудырған жұлдыздардың қатарында Меруерт Түсіпбаева мен Құрманай Бақтиярқызы да бар.⠀

Нұрғали Нүсіпжанов ұлы тұлға!!!Жадыраның ақылды сабырлы қыз екені амалынан көрініп тұр.Жақын танысып араласпаған адамдар артық кетпеңіздерші.Рахмет саған Жадыра...Алла разы болсын.Қатты ауырып қалғанда қасынан табылып,жаныңмен беріліп бабтағаның үшін өз оқырмандарымның атынан үлкен Құрметпен рахмет айтамыз.Менің оқырмандарым Нұрекеңді қатты сыйлайды деп білемін.Нұрғали ағам сіз сияқты ????‍♀️????‍♀️қартайғанда жүрек жылытар,ауыр күндерін ұмытар кезді қайта сыйлаған жанға лайықты болғанына Аллаға сансыз шүкір.Меруерт Өтекешова анамның қолын сүйгеніңізде жүрегім елжіреп тұрды.Мен болсам Қыз Жібегімнің аяғын сүйер едім мүмкіндік болса.Төлеген ағамды қалай бабтап қарады.Өмірінің соңына шейін адал болған жаны таза адамның қолынан сүйді деп келемеждегендерде ес жоқ екен деп қарным ашты.Екіқабат шығар деген жұртым ау қай сасқандарыңыз????‍♀️????‍♀️????‍♀️????‍♀️Қуанбаймыз ба??қуана алмайсың ба ????‍♂️Уыңды шашпа.Жап жас көңілін жығып,үлкен жанға тұрмысқа шығып қызық қуып емес,ұлы тұлғадан туып Қазақтың ұлы өнерін жалғайтын тұяқ қалдырса ол Жадыраның ниетімен бір Алланың қалауында ғой.Нұрғали ағам қазіргі жауапкершіліксіз бай әйелдерден ұялмай дүниесін пайдаланған Альфонстардан гөрі салыстыра алмайтын салихалы саф алтындай Азамат!!!отыздан аспай жатып семіріп кеткендерден әлде қайда ширақ.Парасатын,көрген білгенін ақылға қонымды ақылын азық етіп ғашық болған Жадыраға ЖАРАЙСЫҢ!!!Ақ көйлегіңе кір түсірмейтін түсінігі мол Арыстан тұлғалы Азаматты бақытты еткейсің!!!Жадыраға дүниесі жетеді.Рухы мықты Әкеден,тәрбиесі мол Анадан туған қыздың қолынан ұстаған Нұрғали аға жүз жасаңыз...Сайкымазаққа жол бермеймін.Тым болмаса өз оқырмандарыма????‍♀️????‍♀️???????????? Ал менің Ойлы Оқырмандарым мен Талғампаз тыңдармандарым!!!Алланың қалауымен басын қосқан дара дана жандарға ақ тілек жазайықшы.Мен сіздерге сенем!!!

Публикация от ???????????????????????????????? ???????????????????????????????????????????????? ✍???? (@kurmanai_bakhtiarkyzy)

Менің анамның суйікті әншісі ....Бауырым ГАИ -де істейді...Бір күні,трассада ұстапты,сонда бұл кісі бір ауыз сөзі жоқ...Сасқалақтап...????????Казір ғой,екі рет сахнаға шықса болды...Ей,мен анаумын(чуть ли не құдай!!????)танымадың ба деп,көкірек кереді...Нұрғали аға,текті адам ғой...менің гаишник бауырыма,анаумын-мынаумын демей,балаша қалбалактап, -бауырым қателік менен кетті -депті(кешірім сұрауға дайын,тіпті)Бауырым танып тұрса да...трассада ,жұмыс барысында талай есерсоқтарды көрген басы,атақты адамның қарапайымдылығына тәнті болып....Аға,Сізді танымау мүмкін емес!!!Сіз қазақтың нағыз жұлдызысыз!!!Сіз -менің анамның сүйікті әншісісіз!!!Жолыңыз ашық болсын,деп шығарып салыпты!!!Өнер адамдарының ішінде жүріп ,Нұрғали ағамдай интеллигент көрмеппін....(сенсеңіздер!)Бүгін ,той туралы естіп,73-тегі ,мамама хабарластым...(кумирыңыз уйленді-деп..)Менің аса сабырлы,исламның,барлық дерлік қағидаларын ұстанатын анам,жаңалықты қуана қабылдады....Мен,талай гастрольде сапарлас болдым!!!Нұрғали аға,бақытты болыңызшы!!!(Вы достоины!!!Вы заслужили!!)Мен бір адамдай өмірдің ащы-тұщысын көрдім...Талай алтындай жігіттеріміз ,адасып,өз теңін таппай,қор болғанын көрдім...(за каждым успешным мужчиной стоит великая женщина!)Любви все возрасты покорны!!!деп Пушкин жырлағандай....Бір күн болса да,Алланың берген бір күні қалса да,бақытты ғұмыр кешіңізші...Сіздей тұлғаға,бір тал балама не тілеймін,соны тіледім,Жан аға!!!Қолыңызға қондырған бақ құсыңыз,сізді шынайы сүйеді деп сенемін❤️❤️❤️p.s.Кімнің қанша өмірі қалғанын-бір Алла біледі...Жас кете ме....Жасы жеткен кете ме....Жаратқан шешеді ....Сөге жамандамаңыздар ардақты бір Ұлын Қазағымның....

Публикация от Меруерт Түсіпбаева (@meruert_tusupbaeva)

Нұрғали Нүсіпжанов Атамызды қуанышымен құттықтаймын! Нұрғали атамыз байлық жинамаған кісі, жеңгеміз байлығына қызықты деп ойламаймын. Мүмкін ұрпақ қалдыру мақсатында, алде басқа да ойлағандары бар шығар.Біз өміріміз өз ойымыздағыдай болғанын қалаймыз, бірақ кейде Жаратушымыз ойламаған жерден күрт өзгертіп жіберетінін байқамаймыз. Өзіміздің басымызға түспейтіндей артық әңгіме айтып, ұрпақ қалдыру енді есіне түсті ма, анау мынау деп сыртынан күлеміз. Нұрғали Атамыз өмірін қазақ өнеріне арнаған дара тұлға. Өмірде бәріміз де қонақпыз, біреуге ерте біреуге кеш баршамызға Атамыздың жасын берсін! Тағдыры солай болып тұр ғой, артық әңгіме айтып керек емес, алдымызда не күтіп тұрғанын білмейміз. АЛЛА ұзақ ғұмыр, күш қуат берсін! Жадыра жеңгемізбен бақытты болсын!

Публикация от Абай Бегей (@abai_begei)


Дереккөз. Reactor


Жаңалықтар