22 Октябрь
06:48
Астана: -2 °C
Алматы: 7 °C
USD/KZT: 335.24
EUR/KZT: 395.82
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.65
Туризм
20 маусым 17:06
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Өнер жұлдыздары жазғы демалысын қалай өткізуде?


Қазақстандық жұлдыздар демалыстарын бастап кеткендерін әлеуметтік желілердегі парақшаларын ақ байқауға болады. Фотолардан жұлдыздардың көбінесе Түркияда демалғандарын ұнататыны байқалады.

Инстаграм желісінде: “Құстай ұшып… Жеттім… Шүкір…” - деп жазба қалдырған Тамара Асар демалысын Түркия елінде өткізуде.

Ал Диана Шарапова өзінің отбасымен Тайланд елінде өткізуде, әнші инстаграм желісіндегі парақшасында демалысының қалай өтіп жатқанын баяндап, өзінің рахаттана демалып жатқан суреттерімен бөліскен.


Танымал әнші Бейбіт Қорған отбасымен бірге Мальдив аралдарында демалуда, әнші шетелде жүрсе де қасиетті Рамазан айында ораза ұстауды ұмытпай, сол елде ораза ұстауда.

“КЕшYOU” тобының әншісі Балжан Бидаш Түркияның Анталья қаласына барып демалып келсе, топтың тағы бір әншісі Жұлдыз Өмірғали да Анталья қаласында демалуды жөн санаған.

Бейнебаянды шетел көп түсіретін бірегей әнші Бүркіт Дубайда жаңа бейнебаян түсіріп жатыр. Танымал әншінің бейнебаянын өзінің ағасы Әли Жансейіт түсіруде, әнші бір оқпен екі қоянды атып, жұмыс жасап та, демалып та жатыр.


 
нравится:    860
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии