15 Декабрь
10:39
Астана: -22 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Кербез
5 мамыр 17:55
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Өңіржиекті заманауи киіммен үйлестіруге бола ма?
Әсемдікке, әдемілікке жаны құмар халқымыздың әшекей бұйымдарының бірі - өңіржиек.


Өңіржиектің түрлері өте көп. Ол күрделі әрі ұсақ өрнектерден тұратындықтан, тек хас шеберлер ғана жасай алады.

Себебі, бұйым бірнеше бөлікті шынжыр, шығыршықтармен бір-біріне жалғап жасалатындықтан, ұзақ уақытты талап етеді. Кей кезде тапсырыс берушінің өтінішімен әрбір әшекейге асыл тастар, мысалы, ақық орнатқан.

Ол тек әшекейдің ғана емес, бойтұмардың да рөлін атқарған. Себебі, жаңа түскен келіншекке өңіржиекті ата-енесі бір-екі балалы болғанша "тіл-көзден сақтайды" деп таққызған.

Суреттегі өңіржиек қазіргі шеберлердің қолынан шыққан заманауи түрі. Қазақы сырғалармен бірге хас сұлудың көркіне нәзіктік, кербездік қосып тұр. Ұзатылып бара жатқан құрбымыздың ата салтын сақтап, өңіржиек таққаны бізді қуантады. Қалыңдықтың той көйлегінің әрбір деталін ойластырып, жоғары талғаммен тіктірткені байқалады. Көйлектің етектен төмен ұзына бойы түсірілген ою-өрнек өңіржиектің жалғасы іспетті. 


Өңіржиекті заманауи киімдермен үйлестіруге бола ма?
Әрине болады. Өңіржиекті біздің заманымызда әсемдік бұйымы есебінде ғана емес, бойды ұзын етіп, жіңішкертіп көрсету үшін пайдалана аласыз. Оны біртегіс көйлектің, бойфренд жейденің, водалазканың, сондай-ақ блузаның үстінен тағып, сән көрсетілімдеріне, көрмелерге немесе қонаққа бара аласыз.

Ал, Наурыз мейрамында басқа да ұлттық әшкейлерді қосып таққаныңыз жөн. Сондықтан өңіржиекті шеберлерге жасатып, өз коллекцияңызға қоссаңыз, нағыз қазақ аруына айналасыз.

Дереккөзі: massaget.kz
нравится:    1766
Теги: Сән әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии