|    |  
21 қараша 2018
10:55
қаз
Оңтүстік Африкада пілдің баласы туристерге ұмтылды (видео)
23 қыркүйек, 09:53 1331


Әлемнің түкпір-түкпіріндегі жан-жануардың тыныс-тіршілігіне қызығушылық танытатын жандардың Оңтүстік Африкадағы Крюгер саябағынан туристер түсірген видеодан алған әсері мол болды десек қателеспеспіз. Мұнда  піл баласының жүк машинасына шабуылы түсірілген, деп хабарлайды Moya-planeta.ru.  
Түристердің YouTube-ге салған видеосын қазірдің өзінде 100 мыңнан астам рет көрген.
Онда өзін ересек сезінген піл баласы биік шөп арасынан атып шығып адамдарға қарай тұра ұмтылған. Дегенмен тым жақын келген сәтте ол бұл ойынан айнып, шөп арасына жасырынды.
Бір қызығы, піл баласы арада біршама уақыт өткеннен соң қайта көрініп, шабуылын бастады.
Мүмкін ойнап жүрген болар, екпіндей келген бетте тағы да кілт тоқтап, кері бұрылды да  шөп арасына жасырынды. 



Дереккөзі: ҚазАқпарат
Жаңалықтар