|    |  
14 қараша 2018
13:50
қаз
Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея 2032 жылғы Олимпиаданы бірге өткізуі мүмкін
13 қыркүйек, 15:21 26
Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяға 2032 жылғы Олимпиада ойындарын бірге өткізуді ұсынбақ. 


 
Оңтүстік Кореяның спорт министрі До Чон Хван осындай мәлімдеме жасады.
 
«Мен Корея түбегіндегі бейбітшлік үшін осы ұсынысты жасамақпын. Сеул мен Пхеньян бұл ойындарды бірге өткізуі мүмкін»-деді министр. 
 
Сондай-ақ министр Сеулдің 2030 жылғы футбол чемпионатын Қытаймен, Жапониямен және екі Кореямен бірлесіп өткізуге ниетті екенін хабарлаған. 
 
Бұған дейін Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея 1988 жылғы Олимпиада ойындарын бірлесіп өткізуді ойластырып, бірақ келісімге келе алмай қалған болатын.
 
Дереккөз: КорреспонденТ
 
Жаңалықтар