20 Октябрь
09:21
Астана: 7 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Әлем жаңалықтары
12 шілде 16:36
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Оңтүстік Қытай теңізіндегі талас: Гаага соты Қытайдың құқығын жоққа шығарды

  
Гаагадағы аралық сот Қытайдың Оңтүстік Қытай теңізіндегі аумаққа құқығын жоққа шығарды. Сот шешімі бойынша ҚХР Спратли архипелагындағы айрықша экономикалық аймаққа таласа алмайды.
 
Қытай СІМ бұл шешімді жарамсыз деп танып, сот шешімі қандай болса да «Қытайдың қарулы күштері егемендігін, қауіпсіздігін, теңіздегі құқығы мен ел мүддесін қорғайтынын» мәлімдеді.
 
Өз кезегінде Филиппин СІМ басшысы Перфекто Ясай Гаага сотының шешімін қолдап, тараптарды ұстамдылыққа шақырды.
 
Айта кетейік, Қытай мен Жапония, Вьетнам, Филиппин елдерінің арасында Оңтүстік Қытай және Шығыс Қытай теңіздеріндегі шекара төңірегінде талас туындаған еді. 2013 жылдың қаңтарында Филиппин халықаралық арбитраж сотына Қытайдың «тарихи құқық» бойынша еншілеп алған аймақтарын бөліске салу жөнінде шағым берген болатын. Қытай тарабы соттың территориялық дауларды қарастыруға құқығы жоқ деген желеумен, әу бастан бұл талқылаудан үзілді-кесілді бас тартқан еді.
 
Дереккөз: РИА Новости 
нравится:    815
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии