24 Октябрь
15:28
Астана: -1 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 336.05
EUR/KZT: 394.49
RUB/KZT: 5.85
CNY/KZT: 50.63
Туризм
13 қазан 11:04
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Оңтүстіккореялық жиһанкездер Жайық жеріне жетті


Әлемді велосипедпен аралауға шыққан кореялық жігіттер Орал қаласына жетті, деп хабарлайды 24.kz.

Ким Киунг-Сонг пен Ки Хон Ли – немере ағайындылар. Екеуі де жоғары оқу орнын бітірген. Саяхатшылардың бірі сауда саттық саласында еңбек етеді. Екіншісі бағдарламашы мамандығын меңгерген. Көліктері барлық керек-жарақпен қамтылған. Қоржындарында азық-түлік пен киім-кешегі сапалы бейнекамералары бар. Өздері бұл сапарларын «Бақытты туризм» деп атапты.

«Саяхатқа шығуды көптен армандадық. Ақыры ақшамызды жинап, 4 ай бұрын Испанияның Барселона қаласына ұшып келдік. Кейін велосипедпен Франция мен Италияны, Шығыс Еуропа мен Ресейді араладық. Енді, міне, Қазақстанға да жеттік. Ұшы-қиырсыз далиған кең даладан алған әсеріміз ұшан-теңіз», - дейді саяхатшы жігіттер.       

Ким Киунг-Сонг, саяхатшы:
- Қазақстанда біз негізінен дала жолдарымен жүріп келеміз. Елді мекендердің арасы өте қашық болғандықтан, су табудан қиналғанымыз рас. Бірақ, жолдарының сапасы ұнады. Көп жерлерде жөндеу жұмыстары жасалып жатыр екен. Сәулет ескерткіштеріне бай әрі жасыл желегі мол Орал қаласы туралы әңгіме бөлек. Ендігі бағытымыз – Қырғызстан мен Қытай. Сосын жарты жыл шамасында елге ораламыз деген ойдамыз



Дереккөзі: www.24.kz
 
нравится:    580
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии