20 Ноябрь
09:36
Астана: -2 °C
Алматы: -9 °C
USD/KZT: 332.21
EUR/KZT: 391.74
RUB/KZT: 5.57
CNY/KZT: 50.08
Экономика
26 қаңтар 11:34
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

ОПЕК бас хатшысы мұнай бағасын қалпына келтірудің шартын айтты


Әлемдік мұнай қорын сақтау орындарындағы артық өндіріс мәселесін шешу қара алтын бағасын қалпына келтірудің маңызды факторы болып табылады. Бұл туралы ОПЕК-тің бас хатшысы Абдалла Салем Эль-Бадри Чатем-Хаус қаласында Солтүстік Африка мен Таяу Шығыстағы энергетикаға қатысты болған конференцияда мәлімдеді, деп хабарлайды vedomosti.ru.

Оның сөзінше, мұнай өндірушілер қазіргі кездегі нарық шартына байланысты қабілет танытқылары келеді. Оның үстіне мұнайдың әлемдік қоры соңғы бес жылдағы орташа көрсеткіштен асқан. Ал баға 2014 жылғы максимум бағадан бірнеше есе төмендеді.

«Артық мұнай өндірісін ұсыну мерзімі ұзартылған жағдайда мұнай бағасы біртіндеп өсе бастайды. Дегенмен нарықтағы мұнайдың артық болуы басты факторлардың бірі болып қала береді», — дейді Эль-Бадри.

Дереккөзі: 7kun.kz
нравится:    868
Теги: Главная, Әлем экономикасы,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии