Экономика
12 қазан 16:43
ОПЕК басшысы мұнайға сұраныс өседі деп болжап отыр


ОПЕК бас хатшысы Абдалла Салем әл-Бадри мұнайға деген сұраныс артатынын, ал ұйымға кірмейтін елдерден шикізат жеткізу азаятынын мәлімдеді. Мұнай саласын алдағы уақытта «жақсы күндер» күтіп тұр, деп есептейді ОПЕК басшысы."Біз ОПЕК 2016 жылы мұнай нарығы тұрақталады деп үміттенеміз, - деді А.әл-Бадри. - Соңғы кездері ОПЕК құрамына кірмейтін кей елдерде мұнай өндірісі қысқарғанын, сонымен қатар мұнайға деген сұраныстың өсуінің алғышарттарын көріп отырмыз", - деді ол.
Болжам бойынша, мұнайға деген әлемдік сұраныс 2040 жылы тәулігіне 110 млн баррельге дейін ұлғаяды. 

Дереккөзі: ҚазАқпарат

Комментарии




Яндекс.Метрика