23 Август
02:53
Астана: 17 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Экономика
5 мамыр 14:49
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

ОПЕК Венадағы кездесуде мұнай өндірісін шектеу туралы мәселені талқыламайды


Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) Венада өтетін маусым кездесуінде мұнай өндірісін шектеу туралы жоспарды қарастырып жатқан жоқ. Бұл туралы  Bloomberg  хабарлайды.

Картельдің өндірілетін шикізат көлемін шектеу туралы жоспарындағы өзгерістер туралы ұйымдағы 6 дереккөз хабарлаған. ОПЕК мүшелері апта ортасында Венадағы жеке кездесуге келіп, нарықтағы фундаментальды факторлар және мұнайға деген сұраныстың артуы туралы мәселені талқылады.

Еске салайық, осыған дейін Дохада өткен мұнай өндіруші елдердің кездесуі ұзақ келіссөздерден кейін нәтижесіз аяқталып, ресми құжатқа қол қойылған жоқ. Бұл жаңалық нарыққа әсерін тигізіп, баға 7%-ға дейін төмендеді. Кейінірек келіссөздердің келесі кезеңі маусымда өтетіндігі туралы хабарланды.

Бүгінгі сауда кезінде мұнай бағасы 1%-ға өсті. Астана уақыты бойынша 11:15-те Brent маркасының бір баррелі 45,22 доллардан саудаланды.
нравится:    707
Теги: Мұнай,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии