13 Декабрь
21:06
Астана: -25 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Спорт
25 сәуір 12:22
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Оралда «Асық астудан» ел чемпионаты өтті


Жуырда Орал қаласында «Асық атудан» Қазақстан Республикасының ерлер мен әйелдер арасындағы ел чемпионаты өтті. Республикалық деңгейде ұйымдастырылған ұлттық жарысқа Маңғыстау, Астана, Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда облыстарынан келген ойыншылар қатысты.

Бас-аяғы үш күнге созылған дүбірлі жарыста спортшылар кейінгі ұрпақ арасында ұмыт бола бастаған, бірақ тәрбиелік мәні зор асық спортының қыры мен сырын, құдіретін көрсетуге тырысты.

Байрақты бәскенің ашылуында ҚР Еңбек сіңірген бапкері Жомарт Сабыржанов сөз сөйлеп асық ату спортының ұлттық мәдениетіміздегі орны мен оның тәрбиелік мәні туралы айтты.

«Жалпы асық ойыны керемет ептілікке, мергендікке тәрбиелейді. Аяқ-қолдың қимылын, жалпы денсаулықты жақсартып, буын-буынды қимылдатады, көздің бұлшық еттерінің дамуына қосар үлесі зор»,- дейді Жомарт Сабыржанов.

Жарыс қорытындысы бойынша, бірінші орын Жамбылдық командаға бұйырса, ал екінші орынды Астана командасы, ал үшінші орынды Оңтүстік Қазақстан обысынан келген споршылар иемденді. Сондай-ақ, спортшылар асық атудан жекелей сындарға түсіп, бақтарын сынады. Жекелей жарыстарда Астана қаласы, Маңғыстау және Жамбыл, Қостанай облыстарының өкілдері топ жарды.

Авторы: Абай Айсара

 
нравится:    702
Теги: Спорт жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии