22 Август
22:50
Астана: 21 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Кербез
13 маусым 11:46
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Орамжапырақ диетасымен арықтаңыз!


Артық салмақтан арылу жолдарының бірі – орамжапырақ диетасы. Орамжапырақтан жасалған тағамдардың калориясы төмен болғандықтан, бұл диетаның нәтижесі де көп күттірмейді.

Орамжапырақ оңай қорытылады. Сондықтан да оның диетасы өте тиімді. Орамжапырақтан жасалатын тағам түрлерімен (рагу, сорпа, тұздалған орамжапырақ, салаттар және т.б.) қатар денсаулыққа пайдасы да көп. Орамжапырақ ісіктің алдын алады, қант диабеті кезінде пайдалы, сонымен қатар бүйрек пен бауыр ауруларына ем. Калориясы төмен, есесіне, құрамында дәрумендер мол. Диета кезінде орамжапырақтың кез келген түрін – ақбас орамжапырақ (белокочанная капуста), брюссель орамжапырағы, пекин орамжапырағы, түсті орамжапырақ, брокколи қолдануға болады.

 Төменде орамжапырақ диетасының екі түрін ұсынып отырмыз.

1-түрі

Таңғы асқа 1 кесе көк шай немесе кофе (сүтсіз, қансыз).

Түскі асқа сәбіз қосылған орамжапырақ салатын 1 шай қасық зәйтүн майымен араластырып, оған 200 г майсыз қой немесе тауық етін (суда не буда піскен) қосып дайындаңыз. Сондай-ақ түскі асқа 1 бөдене жұмыртқасын (немесе жарты тауық жұмыртқасын) және жеміс (банан мен жүзімнен басқасын) жеуге болады.

Кешкі асқа (ұйықтардан 2 сағат бұрын) 1 стакан майсыз айран.

Бұл диетаны 7-10 күн ұстауға болады және осы уақыт ішінде 10 киллограмға дейін артық салмақтан арылуға болады.

2-түрі

Бұл диетаның негізі – орамжапырақтан дайындалған суп. Құрамы: 500 г ақбас орамжапырақ, 5 дана сәбіз, 5 бас пияз, 2 дана болгар бұрышы, 2 дана қызанақ, 4 сабақ балдыркөк, 100 г өңделмеген күріш, тұз.

Орамжапырақ диетасында ас мәзіріне суптан басқа жемістер, ет (қайнатып не буда) те бар. Сондықтан оны ұстау айтарлықтай қиын болмасы анық. Дегенмен, бұл диетаны 7 күннен артық немесе жиі қайталап ұстауға болмайды. Ондайда денсаулығыңызға кері әсері тиюі мүмкін.

 1-күн: суп, кез келген бір жеміс (банан мен жүзімнен басқасы);

2-күн: суп;

3-күн: суп, кез келген көкөністен (картоптан басқасы) салат немесе оны буда пісіріп;

4-күн: суп, 2 стакан сүт (майлылығы 1%);

5-күн: суп, 500 г қой еті немесе балық, тауық еті (қайнатып не буда пісірген) және қызанақ;

6-күн: суп, көкөністер (картоптан басқасы), 200 г қой еті немесе балық, тауық еті (қайнатып не буда пісірген);

7-күн: суп, көкөністер (картоптан басқасы), қантсыз табиғи жеміс шырыны.

Дереккөзі: anabol.kz

 
нравится:    1763
Теги: Сән әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии