Әлем жаңалықтары
13 маусым 15:24
​Ораза ұстай алмайтындардың үкімі
Ислам діні науқас жандарға ораза ұстауды міндеттемейді. Яғни олар ораза парызынан босатылған. Бірақ ораза ұстауға шамасы келмеген жандарға фидия беру-уәжіп.



Бұлар ауруларының айығуы үміт етілмеген жандар мен ораза ұстауға шамасы жетпеген қарт кісілер. Созылмалы дертке шалдыққан кісілердің де ауыз бекітпеулеріне болады. Ал егер, аз уақыт ауырып қалған болса (мысал үшін суық тию, тымаурату) оразасын қаза етіп, кейін қазасын өтейді. Олар оразаның орнына әрбір күні үшін бір кедейді тамақтандырады. Фидияны ақшалай беруге де болады.  Бір кедейді отыз күн таңда және кешке тамақтандыру немесе алпыс кедейді бір күн таңертең яки кешке тамақтандыру жеткілікті. Құранда Алла Тағала: «Ораза ұстауға шамасы келмейтіндер бір жарлының тамағын төлесін»-дейді.

Дереккөз: Reactor

Комментарии




Яндекс.Метрика