|    |  
20 мамыр 2019
03:33
қаз
Оразаның 5 түрлі пайдасы
06 мамыр 2019, 11:54 247


1) Рамазан мен айт мейрамы. «Рамазан келерде сансыз сезімдер мен толып тасыған ойлар салтанат құрады. Күн мен түн де тұтастай илаһи (Құдайлық) рақымдылық пен кешірімділікке толып тасалы. Мезғілі біткен сәтте жүректерге өзіне деген қимас сезім мен сағыныш-сазы тұнады. Бірақ солбір жүректері Рамазанға айналған жандарды жасытпай, оларды іші құт-береке мен қуаныш-шаттық толған айт күніне аманаттайды. Рамазаннан кейін аштың келуі біз үшін тосын оқиға болмаса да, бейне бір жаңа атқан таңдай жан-сарайымызды нұрға бөлеп, санамызды сәулесімен қытықтал, көкжиектен көрінеді. Рамазанмен ыстық ықылас құрған адам баласы айтты илаһи шарапаттан төгілген сиқырлы уақыт сезініп, оның терең тылсым-сырын аңғарады. Оның илаһи тартымдылығы мен сиқырына малтып, уақытша болса да, рамазаннан айрылысқан қасірет сезімінен жеңілдегенін сезініп, алып рақым айының қоштасуы мен терең шарапат күнінің мейрамын бірге тартады. Айт - дүние мен ақыретке тән әсемдіктердің бір-бірімен етене араласып, адамдардың Рамазан бойы әртүрлі ғибадаттар арқылы бейне бір періштеге айналып, періштелер де осы ұқсасқа бет бұрып, сол бір рухы саф жандар арасында сайрандап, айнала илаһи әсемдік пен сұлулыққа оранып, осынау ғажайып тылсым дүниені көргендер, өздерін оянғысы келмейтін түс әлемінде деп ойлайтынын айтуға тіл жетпес күн.Осы мүбәрак күнде Рамазан болған барлық жер-жүзі періштелер мен рухани жандардың көктегі тылсым әлеміндей көрініп, шаттыққа бөленген рухани ғаламатқа тең бір сырлылыққа оранады. Сол сәттен қасиетті айт мұсылмандарды өзіне баурап алып, оларды жүрек пен рухани өмірінің тұңғиығына қарай тартады. Оларға ай мен күн тіпті құс жолын қамти алатын кеңістік дайындау «құпия қазынаға» жап-жарық айна болу жолдарын көрсетеді. Көңілдері алабұртып, алып ұшқан әркім өз дәрежесіне қарай аштың көрсеткен жолдарымен ұшуға даяр құстай бола қалады. Тылсым сырдың есігі ашыла кеткендей қанаттарын тағатсыз қағады. Кейде айттың келуімен, көкірек көзі ояу жандарды Ұлы Жаратушы жақтан ескен «илаһи самал» баурап алады. Сол сәтте олар жай адамдардың тамаша еткен әлемінің арғы жағын көргендей ғажайып күйге еніп, бейне бір екі әлемнің ортасында тұрғандай сезіледі. Тақуалықган жүректері діріл қағып, өздерін «қорқу-үміт» аясынан табады. Кейде адам айтта барлық нәрсені болмысынан басқаша сезініп, өзгеше бағалайды. Тіпті ол өзін баураған кейбір сезім иірімдері арқылы көктер мен жерді бір-бірімен бірігіп кеткендей көріп, жерден ұзап, көкке ұшып, періштелердің арасына кіріп, олардың әлемінде жүргендей сезініп, ашылып, кеңейіп «мекенсіз» күй кетеді. Сонда ол өзін бейне бір түпсіз тереңдікке бойлай, шексіздікке жеткендей сезінеді. Айтта сезімдер өте жұмсал, адам жаны қатты жеңілдейді де, ақыл мен жүрек бір- бірімен қосылып кетеді.


2) Ораза жамандықтан сақтайды. Ораза адам жайын тазартыл жаман қылықтардан сақтайды. Құранда Аллаһ Тағала былай дейді. «Ей, иман еткендері Күнәлардан сақтанып, тақуалыққа жетулерің үшін сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді» («Бақара», 185-аят). Бұл аятта ашылғандай Оразаның мақсаты - мұсылманды тазартып, тақуалық дәрежеге жеткізу. Осыны әуелі ұғынып, тұтыныл алайық. Тақуа - сақтану, қорқу, сыйыну, Ұлы Жаратушының қорғаныш кіру. Тақуалықтың үш дәрежесі бар: 1) Мәңгілік өлімнен сақтану. Яғни, өзін жаратқан Аллаһ Тағалаға сену, иман ету. Ұлы Жаратушыға иман етпеген адамның басына бақ, қолына құс қонғанмен қашан да жан-сарайы қараңғы болмақ. Өйткені ертеңгі күн өлімге басы тігілгелі тұрған жанның бүгінгі татқан балы да у болып келеді. Ендеше бүгіні жоқтың ертеңі де жоқ. Алайда тілін кәлимаға келтіріп, Аллаһ Тағалаға иман етіп, мойын ұсынған жан мәңгілік жаһаннам отынан құтылып, мәңгілік бақыттылық сарайы жәннатқа қарай қадам басады. Яғни, иман еткен өзін мәңгілік өлімғе деген соқыр-сенім мен күпірліктен сақтайды. 2) Ұлы Жаратушыға қарсы келуден сақтану. Аллаһ Тағаланың көптеген бұйрықтары бар. Осы әмірлерді орындау - парыз және көптеген тыйымдарынан әрі алыс тұру - парыз. Оның тыйым салғандарына қол сұққан - Оған қарсы келу деген сөз. 3) Тікелей Аллаһ Тағаланың қорғаныш кіріп, Одан өзгені жүрекке алмау. Тақуалық - иманды, көркем мінезді, парасатты жан болып, Аллаһ Тағалаға мойынұсынып, «толық адам» шыңына қарай «нұрлы ақылды» шырақ, «жылы жүректі» пырақ етіп, ыждаһаттылықпен қадам басып қайраттану. Оразаның мақсаты - жанды рухани кірден тазартып, көркем мінезге тәрбиелеу, нәпсіге ауыздық салып,тізгінді қолға алу. Ойшыл ибн Рушд былай дейді: «Егер кімде-кім еркі мен нәпсісіне ие болса, онда ол өзін әлемнің ең, бақытты адамымын деп санасын». Адам баласының толық адам шыңына жетуі мен көркем мінезді болуының негізі нәпсіге ие болуында жатыр. Нәпсі - бойдағы құмарлық сезім. Ол өзіне хош келетін барлық нәрсеге қол сұққысы, татқысы келеді. Оның өлшемінде шек жоқ. Бүгінін, тіпті бір сәттік ләззатын ертеңі мен мәңгілік бақытына айырбастал, яки сатып жіберуге қашан да құмбыл тұрады. Асылында, ол үшін ертең жоқ. Міне, осы кезде ақыл рөл ойнай бастайды. Ақыл - жақсы мен жамандықты айыра білетін адамның негізгі құралы. Бірақ сол ақылдың да өлшемі шектеулі. Оның бүгінгі жақсы дегені, ертең жаман, жаман дегені, жақсы болуы әбден ықтимал. Міне, осы кезде ақылға бүгіні мен ертеңінде жаңылыспайтын өлшем қажет. Бұл - илаһи өлшем. Егер адам баласы нәпсісіне ие бола алмаса, нәпсі адамның еркін қадаған жағына бағыттай алады. Кей кезде илаһи өлшемді білген ақылды тұтқындап тастап, еріксіз өзіне мойын ұсындырып тыйым салған нәрсеге қол сұқтырады. Сондықтан ақыл жүрекпен бірігіп, Аллаһ Тағаланың бұйрығын орындал, ауыз бекітеді. Нәпсінің барлық күш-қуаты осы ауыз арқылы кетеді. Нәпсі қаншама ақыл мен ерікті ауыз ашуға зорласа да, ол екеуі Ұлы Жаратушының бұйрығынан аса алмайды. Ашыққан нәпсінің құмарлық сезім-қолы әлсіреп, деңгейі төмендеп кетеді. Осы сәтте адам бойына рухани қарғын жүре бастайды да, жүректің түпкірінде, нәпсінің қалтарысында қалған ар-ождан күллі адамгершілік сезімдерді оятып, туралыққа бастайды. Яғни, негізгі рөл мен тізгінді ар-ождан қолға алып, адам жаны рухани ләззатқа шомыла бастайды. Бәлкім ол сонда ғана құмарлық сезімдердің татқан ләззатынан, рухани сезімдердің алған ләззаттары әлдеқайда басым екенін аңғарып, оның бұдан кейінгі бар арман-тілегі - толық адам шыңы бола бастайды.Толық адам шыңы - адамның Ұлы Жаратушының мінезіне ұқсауы. Оразаның осындай хикметтері бар. Нәпсіні тәрбиелен, жолға салуда аштық пен шөл өте үлкен рөл ойнайды. Бірақ бұл Аллаһ Тағала үшін болуы керек. Кісі өздігінен аш қалып, діттеген мақсатына жете алмайды. Өйткені Ораза - Аллаһ Тағалаға жасалатын ғибадат. Толық адам болу жолындағы барлық қадам Ұлы Жаратушы үшін арналуы керек. Қасиетті (қудси) хадисте Аллаһ Тағала: «Аузы берік адам ішіп-жеуін мен үшін доғарды. Ораза - Мені мен құлымның арасындағы ғибадат. Оған берілетін сыйды Мен ғана өлшеп, Мен беремін. Аузы берік кұлымның аштық пен сусағандықтан шыққан ауыз исі мен үшін миск әтірінен де тамаша», - дейді.


3) Қоғамдық пайдасы. Оразаның аузы берік адамға ғана емес, сонымен қатар қоғамдық пайдалары бар. Ораза - елдегі дәулетті адам мен жоқ-жітік арасында байланыс жасайды. Көбінесе ауқатты адам жасынан өмірдің ауыр тіршілігін көріп, тауқыметін арқаламай өскендіктен, жанашырлық сезімнен мақрұм қалады. Кейде адам байлыққа батқан соң, айналасын ұмыта бастайды. Осы сәтте оның өмірге деген көзқарасы өзгереді. Нәпсісі бойдағы жанашырлық сезімін тұншықтырыл тастайды. Бір мемлекетте өмір сүрсе де, бай басқа әлемде, тұрмысы нашар халық басқа бір әлемде жүреді. Мұндай қоғам ауыр дертке душар болып, елде жүйе бұзылады. Ауқатты адамдар қол астындағы жұмыс істеген адамдарына төбедей қарайды. Адам Ораза ұстап, сәресіден кешке дейін аш қалғанда ғана айналасына басқаша қарай бастайды. Аш адамның бойында тасыған нәпсі бірте-бірте әлсірейді де, жүректің тереңіндегі мейірім-шапағат сезімі оянады. Ол сонда ғана аштықтың қандай екенін аңғарады. Өзінің де жай ғана пенде екенін сезінеді. Ал оянған мейірім-шапағат жалпы адамзатқа, тіпті әлемге деген сүйіспеншілікті өзімен бірге ала келеді. Рамазан айының - рақым айы болуының сыры осында жатыр. Адам мен адамның, адам мен әлемнің арасында достық, махаббат байланысы құрылады. Адамның бойында мейірім-шапағат туып, оны айналасына нұрлы шашу етуі - Ұлы Жаратушыға арнаған нағыз шүкірі.

4) Ораза ырыс-берекенің қадірін білдіреді. Негізі адам баласы өзіне берілген Ныгмет пен ырыс-берекенің қадірін біле бермейді. Сый-сияпат етіп берілген ырыс-берекені бейне бір тегін дүниедей төгіп шашады. Әр түрлі тәтті тағамдарды да бейпіл жей берген соң, ауыздан дәмі кетіп, бал бал болудан қалады. Мұндай күйге түскен кісі ешуақытта тамақтан қадірін сезе алмайды. Ал адам баласы ауыз бекітіл, күні бойы аш қалғанда, тағамның Ұлы Жаратушының құнына жайған дастарқанындағы үлкен ырыс-берекесі екенін аңғарады. Ол күні бойы аш қалып, кешқұрым ауыз ашқанда, аузына салған қатқан нанның да қаншалықты қадірлі екенін сезеді. Тоқ адамның дәл солай сезуі әсте мүмкін емес. Мұндай қоғамның экономикасы да оңайлықпен құлдырамайды.


5) Ораза, сабырлылық пен төзімділікке үйретеді. Ай бойы аш қалып, күндіз аузын ашпауға бекініп, әбден дағдыланған адамның бойында сабырлылық пен шыдамдылық сезімі күшейіп, өркен жаяды. Аштық пен құмарлық сезімге сабыр қылған, өзгеге де сабыр ете алады. Бойдағы ашу мен жеңілдігіне сабыр-тізғінін салып, жанарында ойлылық пайда бола бастайды. Бұл ғұмырда нағыз сабыр - өз нәпсісін жеңе біліп, Аллаһ Тағаланың ақ жолында жүруге бел байлау. Ақырет әлеміндегі асқақ тыңнан көз айырмау. Оразаға төзе білген өзге ғибадаттарға да шыдамдылық таныта алады. Сабырлылық күшіне ие болған жан ғана, діттеген мақсатына жете алады. Құранда жетпіске жуық аятта сабыр мадақталған. Мысалы: «Аллаһ сабыр еткендермен бірге», - дейді. «Асыр» сүресінде де Аллаһ Тағала: «Заманға ант етейін. Шынында адам баласы сөзсіз қасіретте. Бірақ иман етіп, ізгі іс істегендер, бір-біріне ақиқаттыайқындап, сабырлықты насихаттағандар ондай күйге душар болмайды», - деп баян етеді. Заманының үлкен ойшылы имам Ғазали Оразаның үш түрі бар екендігін айтады: 1. Жалпыға тән Ораза Яғни, ішіп-жеуден, жыныстық қатынастан аулақ тұру. 2. Аллаһ Бағаланып елден ерек құлдарына тән Ораза. Бұл - көз бен құлағын, аяқ-қолы мен өзге де мүшелерін күнәдан сақтауы. 3. Аллаһ Тағалаға жақын адамдардың Оразасы. Жүрегі мен ой-сана әдемі Аллаһ Тағаладан өзге нәрседен пәк болуы. Осылай Ораза ұстағанға Аллаһ пен ақыреттен өзге ой келсе, Оразасы бұзылады. Бірақ діннің байрағын желбіретіп, көкке қадау үшін, дүниені ойласа болады. Бұл - толық адамның бейнесі.
НравитсяПоказать список оценивших


Жаңалықтар