22 Ноябрь
09:50
Астана: -7 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 330.29
EUR/KZT: 387.27
RUB/KZT: 5.56
CNY/KZT: 49.80
Әлем жаңалықтары
18 маусым 15:33
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Оразаның он сауабы
Оразаның он сауабы


Көзді ашып жұмғанша 12 айдың ішіндегі ең қасиеттісі Рамазан айы да келіп жетті. Бұл айда күннің аптапты ыстығына, жұмыстың көбеюіне қарамастан күллі мұсылман қауымы ауыз бекітіп, Алла разылығы үшін парызын өтеуге кіріседі. Жаратушы Иеміз бір істі құлдарына парыз етсе, онда ол нәрседе пенде үшін екі дүниеде де пайда болатыны сөзсіз. Исламның бес тірегінің бірі – ораза да солай. Оның қасиеттері, шарапаты туралы, сондай-ақ, ауыз бекітушінің шексіз сауаптарға кенелетіні жайлы Құран аяттары мен Пайғамбар (с.ғ.с) хадистерінен оқып, имамдар уағыздарынан естіп жүрміз. Бұл – оразаның адамға әкелетін рухани пайдасы.

Балиғат жасқа толған, денсаулығы жақсы, ақыл-есi дұрыс адамдарға ораза ұстау – парыз. Ораза ақыретте қорғайтын, күнәларымыздың кешiрiлуiне себепшi болатын амал. Үнемi Алланы есiмiзге салып, жауапкершiлiк сезiмiн арттырады. Жүрегiмiздi жаман сезiмдерден тазартып, харам нәрселерді жасаудан сақтандырып, керісінше, жақсылық істеуді үйретедi.

Ендігі кезекте оразаның оң қасиеттерінің онына жеке-жеке тоқталайық.

Ораза – көздi харам нәрселерге қараудан сақтайды.

Ораза – құлақты харам дүниелердi тыңдаудан тыяды.

Ораза – тiлдi өтiрiк айтпауға, бiреудi ғайбаттамауға үйретеді.

Ораза – асқазанды харам тағамдарды (доңыз етi, арақ-шарап, жалпы, Исламдағы тыйым салған нәрселер) ішіп-жеуден қорғайды.

Ораза – аяқ-қолымызды күнәға бастайтын iстердi iстеуден, жаман жерлерге барудан, т.б. қорғайды.

Ораза – адамның өзгелерге деген мейiрiмiн арттырады. Өмiрiнде аштықтың не екенiн белмей келген бай-бақуат адамдарға кедей-кепшiктердiң жағдайын ұқтырады.

Ораза – мұсылмандарды сабырлы болуға шақырады. Ауыз бекіткен адам өзін белгiлi бiр уақытқа дейiн iшiп-жеуден тыяды. Нәпсісін жеңуге тырысады. Сөйтiп, ол өмiрде кезедесетiн кейбір қиыншылықтарды сабырмен жеңуге үйретеді.

Ораза – адам денсаулығын жақсартады. Дәрігерлердің айтуынша, 11 ай бойы ас қорытумен шаршап, бөгiп қалған дене мүшелерi ораза кезiнде демалады екен. Рамазаннан кейiн ағза жақсы жұмыс iстейтiн көрiнедi.

Ораза лимфоциттердің жұмысын жетілдіреді, адам ағзасының қорғаныш жүйесін нығайтады, иммунитеттерге қатысты жасушалардың құрамын жаңартып, жақсартады.

Оразада адам ағзасындағы түзілімнен бұзылым басым болып, ол ауру, әлсіз жасушаларды жояды, қайтадан қалпына келтіру кезеңі басталып, жасушалар жаңарады.

Дереккөзі:Baq.kz
нравится:    1105
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии