23 Август
12:20
Астана: 25 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Әлем жаңалықтары
29 маусым 15:23
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Орта Азиядағы ең үлкен көпір Қазақстанда салынып жатыр


Ертіс өзеніне салынған Орта Азиядағы ең үлкен көпірдің орталық аркасын қосу жұмыстары басталды. Павлодар облысындағы бұл көпір республикалық «Орталық-Шығыс» төрт жолақты автобанның бір бөлігіне айналады және Қазақстанның орталық бөлігін Ресей елінің көршілес жатқан өңірлерімен байланыстырады.

Осы шараға байланысты өңір басшысы Болат Бақауов ұзындығы 476 метрді құрайтын көпірдің орталық аркасын орнату жұмыстарымен танысты.

«Қазір көпірдің эстакадалық бөлігінің орталық аркасы көтеріліп жатыр. Барлық аркалардың салмағы 1300 тонна, ал бұл металл құрылымы 50 метр биіктікке дейін көтерілетін болады. Үш аркалы көпірдің шеткі екеуі орнатылып, біреуіне вант қойылды. Енді орталық арканы орнату жұмысы басталды. Алдағы бес сағаттың ішінде арка орнатылып болады. Бұл қиын технологияның бірі, себебі арканың екі шеті тең келуі тиіс», - деді «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Павлодар облыстық филиалының директоры Ерсін Сарин.
Айта кетерлігі, көпір жаңа технологияларға сəйкес вант тəрізді иілгіш көлбеу аспаларды қолданумен жасалынуда. Жобаның жалпы құны 53,9 млрд теңгені құрайды. Нәтижесінде көпір республикалық «Орталық-Шығыс» төрт жолақты автобанның бір бөлігіне айналады және Қазақстанның орталық бөлігін Ресей елінің көршілес жатқан өңірлерімен байланыстырады.

Сонымен қатар, жаңа көпірдің ашылуы Ақсу мен Павлодар арасындағы жолды 15 километрге қысқартса, еліміздің шығыс өңірлерінен орталық аймаққа қатынайтын транзиттік көліктер қала ішіне кірмейді. Осылайша, жолды 40 километрге қысқарту мүмкіндігі туады.

Жобаның құрылысына 13500 металл құрастырылым, 150 000 текше метр бетон жұмсалды. Көпір өткелін салу барысына 900-ға жуық адам жұмылдырылған, олардың 743-і — облыс тұрғындары.

Бұл жобаны жүзеге асыру барысында облыстық бюджетке 164 миллион теңге көлемінде салық түссе, республикалық бюджет 1,9 миллиард теңгемен толықты. Жергілікті бизнес өкілдерінен 2,9 млрд теңгеге тауар мен қызмет түрі сатып алынды. Ал жоспарға сәйкес, көпір құрылысы осы жылдың желтоқсан айында аяқталады.
 
нравится:    780
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии