12 Декабрь
01:13
Астана: -14 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Экономика
26 мамыр 11:43
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ортақ валюта құру үлкен қателік- сарапшы
Бірден ЕАЭО-ның ортақ валютасын құру үлкен қателік болар еді. Бұл туралы VIII Астана экономикалық форумы аясында өткен брифингте Еуразиялық даму банкі басқармасының төрағасы Дмитрий Панкин айтты.


«Меніңше, валюта – ең соңынан көтерілуі тиісті мәселе. Мұны еуропалық интеграция тәжірибесі де көрсетіп отыр. 30 жылға созғылған интеграциялық процестер түптеп келгенде еуроның құрылуына түрткі болды. Ал қазір бізде жағдай қандай? Тіпті, салық-бюджет саясатымыз және басқа да экономикалық ұстанымдарымыз келісілмеген. Бұл байыпты проблема екендігі сөзсіз», – деді ол.

Оның атап өтуінше,  аталған проблемаларды реттеп алмай валюта құру Еуроаймақтың күйреуіне әкелмесе де, көптеген күрделі мәселелерді туындататындығы анық.

Ортақ валюта болуы үшін валюта саясат, бюджет саясаты толығымен үйлестіріліп, одаққа мүше елдердің барлығы бірдей экономикалық саясаттың ортақ ұстанымын сақтап, бюджеттік ынталандырудың бірегей нормасын қолдану тиіс.

«Қырғызстанда жан басына шаққандағы табыс 1000, Қазақстанда 13 мың, Ресейде 14 мың долларды құрайды. Яғни, табыс деңгейі, экономика құрылымы алуан түрлі. Сондықтан да бір секіріп, бірыңғай валютаға көшу үлкен қателік болар еді», – деді Панкин.

Дереккөзі: ҚазАқпарат
нравится:    679
Теги: Қаржы және экономика,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии