16 Декабрь
07:17
Астана: -22 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Мәдениет
5 қаңтар 13:45
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«Оскар» сыйлығының иегерлері Әміре Қашаубаев туралы ағылшын тілінде фильм түсірмек
Қазақстанда Әміре Қашаубаев туралы музыкалық фильмге түсу үшін кастинг жарияланды. Фильм ағылшын тілінде түсіріледі. «Moviq» кинокомпаниясының хабарлауынша, фильмнің продюсерлері «Оскар» сыйлығының иегерлері  Кэри Грант пен Эд Джонс болады.Фильм кезінде 8 музыкалық номер қойылымы болады. «Фильм ағылшын тілінде түсіріледі. Оған түсу үшін азиялық келбетті ер адамдарды (қазақ) кастингке шақырамыз», - дейді ұйымдастырушылар.



Фильм ағылшын тілінде түсіріледі. Кастингке азиат нәсілді ер адам қатыса алады. 
Түсірілім тобы 55-65 жастағы қазақ тілінде еркін сөйлейтін ер адамды іздестіріп жатыр. 
Сондай-ақ, Мұстафа Шоқай рөлін сомдау үшін 30-40 жастағы, ағылшын тілін «Intermediate» деңгейінде меңгерген ер адам қажет. 
Тілді осы деңгейде меңгерген 25-35 жастағы және 55-65 жастағы әйел адам, қазақ тілінде еркін сөйлейтін 13-16 жастағы бозбала керек. 
Әміре рөліне 25-40 жастағы, ағылшын тілін «Upper Intermediate» деңгейінде меңгерген, актерлік шеберлігі шыңдалған, драмалық тенор даусы бар, домбыраның құлағында ойнайтын ер адам іздестіріліп жатыр. 
Кастингке қатысушыларға берілген үш әнді орындап, видеосын amre@cast.kz адресіне жіберу керек. Әміре Қашаубаев - Еуропаны ең алғаш қазақ өнерімен таныстырған атақты әнші, актер әрі музыкант. 
1925 жылы Парижде өткен Бүкіл дүниежүзі көрмесінде «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша», «Қосбалапан» әндерді орындап, 2-ші бәйгемен қоса күміс медаль алды. 
Фильмде 8 ірі музыкалық нөмір орындалады. Кастинг республиканың барлық қалаларында өтіп жатыр.

Айта кетейік,  Қашаубаев Әміре  - қазақтың атақты әншісі, актер әрі музыканты. 1925 жылы Парижде өткен Дүниежүзілік сән өнері көрмесінде этнографиялық концертте «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша», «Қос балапан»,  тағы басқа әндерді орындап екінші орын алып, күміс медаль иемденеді.   
 «Париж апталығы» газеті мен «Ле мюзикль» журналы Әміре Қашаубаевтың сирек кездесетін талант екенін жазса, Сарбонна университетінің профессоры Перно фонографқа Әміренің орындауында бірнеше ән жазып алған. Осылайша Әміре Қашаубаев шет елде өнер көрсетіп қазақ елін танытқан тұңғыш әнші болды. 1927 жылы Мәскеу консерваториясында қазақ әндерін тамылжыта шырқады. Германияның Майндағы Франкфурт қаласындағы концертке қатысып, қазақтың халық әндерін тағы да әлемге паш етті. Әміре Қашаубаевтың әндері дүние жүзі мәдениетінің ірі өкілдері Ромен Роллан, Анри Барбюс тағы басқалар тарапынан жоғары баға алған.

Дереккөзі: Cast.kz
нравится:    925
Теги: Кино және ТВ,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии