23 Октябрь
01:00
Астана: -4 °C
Алматы: 5 °C
USD/KZT: 335.24
EUR/KZT: 395.82
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.65
Әлем жаңалықтары
13 маусым 16:44
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Өскеменде тегін «Имам» такси жобасы іске қосылды (ФОТО)


ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфтидің қасиетті рамазан айында қайырымдылық жасау, сауапты істерді көптеп ұйымдастыру туралы берген тапсырмасына сәйкес Өскемен аймағы өкілдігі жамағатқа тегін қызмет көрсететін «Имам» такси жобасын қолға алды.

ҚМДБ-ның Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы «Имамдардың имиджін көтеру, уағыз-насихат жүргізудің тиімді, тың тәсілдерін қолдану мақсатында Өскемен өкілдігі «Имам» такси атты жобаны қолға алып отыр. Жоба аясында «Имам такси» деп аталатын арнаулы көліктер рамазан айы бойында мешіттің жамағаттарына тегін қызмет көрсетеді. Әсіресе тарауых намазына жамағаттардың қаланың әр түкпірінен келіп-кетуіне қиындықтар туындайды. Сондықтан жамағаттарға қасиетті рамазан айында алаңсыз құлшылық жасауына мүмкіндік тудыру мақсатында осы жобаны іске асырып отырмыз, әрі имамдар тұтынушыға жеткенше уағыз айтып отырады» деп таныстыра келе, бұл да қасиетті рамазан айындағы сауапты шарлардың бірі екендігіне тоқталды.
Тегін такси қызметіне қалалық мешіттердің қызметкерлері ат салысып отыр.
Рамазанның алғашқы күнінен басталған бұл тегін такси қызметіне қазір мешіттің жамағаттары да дән риза.










Дереккөзі: Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспсөз қызметі

 
нравится:    1349
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии