18 Октябрь
08:09
Астана: 9 °C
Алматы: 6 °C
USD/KZT: 333.53
EUR/KZT: 392.10
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.40
Әлем жаңалықтары
22 маусым 12:23
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Өскемендік шебер қолдан кіреуке сауыт тоқиды


Модель құрып, кіреуке өретін, он саусағынан өнер тамған өскемендік Александр Фролов жерлестерін таң қалдыруда, деп хабарлайды altaynews.kz.

Ол модель құрастыруды бесінші сыныпта, жас техниктер станциясында үйреніпті. Станцияға алғаш келгенде авиамедельдеуден бастаған ол оқуын тәмамдаған кезде кеме модельдеуден топ капитаны атанады. Ең алғаш жасаған моделі «Торғай», яғни іштен жанатын қозғалтқышы бар ұшақ моделі. Ұшақтың кок бөлігі (тұмсығы)  торғайдың маңдайына ұқсас болғандықтан солай атапты.

Баласы дүниеге келгенде оның шығармашылық жұмысы қайта жаңғырды. Ұлына арнап жасаған тұңғыш ойыншығы темір-терсектен, тот баспайтын құрыштан құралған робот еді. Еске түсірсек, Александр осыдан екі жыл бұрын мекенжай жазылған тақтайшаны ұстап тұратын алып темір роботты жасап шығарған.

Сондай-ақ, ол бос уақытында кіреуке, яғни жейде түріндегі, дөңгелек металл шығыршықтардан өрілген сауытты әзірлеумен айналысқанды ұнатады. Бұдан басқа электр ұшақтар, қашықтықтан басқарылатын көліктер, іштен жанатын қозғалтқышты кемелер, аэробот – осылардың барлығын да өнертапқыштың шеберханасынан кездестіруге болады.

- Балалық шағымда ағаштан жасалған ойыншықтармен ойнадым. Ал ұлымның заманға сай ойыншықтары болғанын қалаймын. Әрі осы робот, көліктерді өз қолыммен жасасан әлдеқайда дұрыс болады деп шештім.  Оның үстіне маған көп еңбекті талап ететін жұмыс ұнайды. Тіпті, құрастырған ұшақтарымды дұрыс ұшыра алмасам да, оларды құрастыру өте қызықты. Белгілі бір құрылғыға ғаламторда немесе дүкенде көзім түссе, оны жасап бітпеәінше жаным тынбайды, - дейді Александр Фролов.

Бүгінгі күні бірнеше бастаманы қолға алған өнертапқыш ендігі екзекте көзі жанатын роботты құрастыруды қолға алған. Сондай-ақ, сыртқы бақылау камерасын негізге ала отырып, оған диод орнату арқылы дала шамын жасауды бастады. Дене қозғалысына сезімтал етіп жасау жопсраланған бұл шамды үйінің ішкі ауласына орналастырмақ, яғни, егер адам қараңғы түскенде аулаға кіретін болса, жарық бірден өздігінен қосылатын болады.

- Александрдың жасаған дүниелері бәрімізді таң қалдырады. Жақында көліктің зуылдаған дауысын естіп қалдым. Қарасам, бұл оның қолынан шыққан ойыншық көлігі екен. Әдетте, біздің көшеде көліктер жоғары жылдамдықпен жүреді, ал осы жолы ойыншықтың шығарған дауысын көлікпен шатастырған жүргізушілер жылдамдықты азайтқанын байқадым. Бір жағынан ұлына ойыншық, екінші жағынан бізге де пайдасы тиеді, - дейді көршісі Амангүл Ерімбетова.

Алға қойған мақсаты көп болғанымен, соңғы уақытта Александрға маға бермей жүрген тағы бір идея бар. Бұл – велочоппер құрастыру. Өнертапқыштың айтуына қарағанда мұны ұлымен серуендеу үшін әрі өзінің қалауы бойынша жасамақшы.


Дереккөзі: altaynews.kz
нравится:    704
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии