Әлем жаңалықтары
2 қаңтар 16:52
Осыдан 4 жыл бұрын өлген ит Желі жұлдызына айналды



Бұл оқиға 2013 жылдан бастау алады. Фиби есімді ит о дүниелік болып, өзінің сүйікті иелеріне үлкен қайғы әкелді.

АҚШ-тың Орегон штатының тұрғыны Митч Байерс өзінің анасы қайтыс болған иттің денесін таксидермистерге жібергенінен хабарсыз болған. Сондықтан, бір күні ол үйге кіріп келген сәтте үстелде отырған итті көріп қатты таң қалған.



Иттің иесі көп ойланбастан, Instagram желісінде «Өлген итім және мен» атты парақша ашып, онда итінің фотоларын жариялай бастаған. Осылайша, осыдан 4 жыл бұрын қайтыс болған иттің тұлыбы Желіде жұлдыз болып шыға келді.



Иттің иесі оны әртүрлі мекереге орай киіндіріп, фотоға түсіріп, Желіде тұрақты жариялап отырады. Қазіргі таңда оның Instagram желісінде 2000-ға жуық тұрақты оқырманы бар.








Дереккөзі: 120.su

Комментарии




Яндекс.Метрика