|    |  
16 қазан 2019
00:14
қаз
Өтірік айтуға анағұрлым шебер 5 жұлдызнама белгісі
16 тамыз 2018, 11:45 52
Сіздің өміріңізде өтірік айтатын адам бар екендігін ойлау өте жаман әрине. Бүгін біз өтірікті айта білетін, айтатын, айтуға құмар жұлдызнама белгілері туралы әңгіме қозғамақпыз.



Сарышаян

Бұл белгі – басқа жұлдызнама белгілерінің ішіндегі ең өтірікшісі емес, алайда қажет болған жағдайда оған да бұл жолды ұстануға тура келеді. Олар сіздің міндетті түрде білу қажетті ақпаратыңызды айтпауы мүмкін. Яғни бұл адамдар маңызды нәрсені жай
ғана айтуға, ескертуге «ұмытып кетуі» мүмкін. Алайда ол өтірік айтқанын еш мойындамайды, керісінше, бұл жай ғана ұмытылған нәрсе екендігіне сізді сендіреді.

Арыстан

Арыстандар драманың патшасы іспеттес, сондықтан да олар көптен дараланып тұрады. Олар көпшілік алдында ерекшеленіп тұрғанды ұнатады. Шындығында, арыстандар өз уақыттарының көпшілігін басқаларға «жақсы әдепті» немесе «жақсы өзін» көрсеткендей өткізеді, сондықтан сіздің артыңызда олардың не істеп жатқандығын білмейсіз! Арыстандар
әрдайым жақсы көрінуі үшін тым әсірелеудің, асыра бағалаудың шебері.

Таразы

Таразылар аса шебер өтірікші болуы мүмкін, алайда бұл өтірікті олар жетіскеннен айтпасы белгілі. Олар үйлесімнің болғанын қалайды, кейбір оқыс жағдайлардың әсерін білдіртпес үшін өтірік қиюластырып айтуға мәжбүр болады. Мәселен, сіздің жаңа шаш
үлгіңіз ұнамаса да, олар «керемет, жарасып тұр!» деп айтуы мүмкін. Таразы белгісіндегі адамдар өз өтіріктерін еш зиянсыз деп есептейді, өйткені олар бар болғаны жағдайдың жақсы болғанын жаны сүйеді.

Суқұйғыш

Сіз өзіңізді осы тізімде көріп таң қалып отырсыз ба? Немесе сіздің осы жұлдызнама белгісіне жататын бір-екі досыңыз бар ма? Өкінішке орай, егер сіз суқұйғышқа толығымен сенім артқыңыз келсе, біле жүріңіз, бұл жұлдызнама белгісі көзіңізді бақырайтып қойып сізді өсектеуі, болмаса сізге ту сыртынан пышақ ұруы әбден ықтимал.

Шаян

Шаяндар «мен сізге ешқашан өтірік айтпас ем» деп тұрып жалған сөйлеуі мүмкін. Бұл жұлдызнама белгісі өтірік айтудан ұялмақ тұрмақ, оны әрдайым айтады, мұндағы мақсат өзінің бет жүзін байқатып қоймас үшін. Кей кездері олардың мықты имидж
қалыптастыруы үшін, болмаса өзін қорғау үшін де жалған сөйлеуіне тура келеді. Алайда шаяндардың бұл әрекетін сіз еш сезе алмауыңыз да мүмкін, бар болғаны
сақтық керек.


Дереккөз: moimozg.ru


Жаңалықтар