23 Август
17:59
Астана: 28 °C
Алматы: 26 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Әлем жаңалықтары
23 қараша 15:16
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Оттавада Санта-Клаус шеруі өтті

Канада астанасында дәстүрге айналып үлгерген Санта-Клаус шеруі өтті. Жаңа жыл мен Рождествоға дейін әлі бір ай болғанына қарамастан Санта Оттаваның орталық көшелерімен шанамен өтіп, қала тұрғындары мен конақтарын алдағы мерекемен құттықтады. Енді елде ресми түрде Жаңа жылға дайындық шаралары бастау алды. Шеру таңертең сағат 11.30-да ұйымдастырылды. Тұрғындардың басым бөлігі одан бірнеше сағат бұрын жиналды. Кейібіреулері үйлерінен орындықтар мен көрпелерін әкелген. Санта-Клаус платформасының екі жағынан өрт сөндірушілер жүріп, балаларға тәттілер таратты. Ал келушілер әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен жетім балаларға сыйлықтар сатып алу үшін ақша жинады. Айта кетсек, бұл шара Оттавада 46-рет өткізілді. Алғаш рет Санта-Клаус шеруі 110 жыл бұрын Торонто қаласында ұйымдастырылған.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    740
Теги: Әлемде талай қызық бар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии