Мәдениет
23 мамыр 15:21
​Отыздан асқан танымал әнші өзінен 7 жас кіші жігіттің сөз салып жүргенін айтты
Жасы 34-ке келсе де тұрмыс құрмай жүрген әнші Гүлхан Сіргебаева «Өз ойым» бағдарламасында жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді.


 
«Жасымыз келді. Оның несін жасырайын. 18-ден де, 25-тен де өттік. Мен ағамның балаларын үйде айналып-толғанып отырамын. Анам "Сен ренжіме. Бірақ, Бауыржанның балалары саған бала болмайды. " деді. "Негрге тисең де, ти" дейді. Бірақ, қазір өзімнен жеті жас кіші, жағдайы менен жоғары, ақылды жігіт сезім білдіріп жүр» - дейді әнші. Бірақ ол жігіттің ұсынысын қабылдағаны я қабылдамағанына қатысты ойын әлі айтқан жоқ.
 
Айта кетейік, Гүлхан Сіргебаева «Дәулет пен Гүлхан» дуэтінде елдің көңілінен шыққан көп әндерді шырқаған болатын.

 

Дереккөз: Reactor

Комментарии




Яндекс.Метрика