Әлем жаңалықтары
25 тамыз 11:56
Ойын құмар отбасы мүшелері ата-ана құқығынан айырылды
Ұлыбританияда арнайы сот видео ойындарын шектен тыс ойнаушы отбасы мүшелерін ата-ана құқығынан айырды.



Британияның Уолсолл (Walsall) қалалық  органы  компьютерлік ойындарды шектен тыс ойнаған  отбасының баласын  асырауға алды. Бұл туралы The Telegraph хабарлайды.

Баланы қамқорлығына алған орган өкілінің сөзіне қарағанда, баланың әкесі мен анасы компьютер алдында сағаттап отырып, ойнайтын болған. Алайда ойын құмар ата-ананың баласына қарау құқықтарынан айыруға бұл ғана себеп болмаған көрінеді. Басылым асырауға алынған баланың жасы туралы нақты мәлімет көрсетпеген.

Дереккөзі: lenta.ru

 

Комментарии




Яндекс.Метрика