20 Июнь
23:06
Астана: 16 °C
Алматы: 21 °C
USD/KZT: 341.08
EUR/KZT: 394.46
RUB/KZT: 5.37
CNY/KZT: 52.71
Кербез
22 мамыр 16:30
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

ӨЗ ТУЫЛҒАН КҮНІҢІЗДІ ТАҢДАҢЫЗ... ЖӘНЕ ДЕ ӨЗІҢІЗ ТУРАЛЫ ЕРЕКШЕ АҚПАР АЛЫҢЫЗ!
Біздің туылған күніміз – біздің ой-ықыласымыздың саны болып есептеледі. Әр «ой-ықылас саны» ерекше сипатқа ие және өз иесіне белгілі бір артықшылықтар береді.
Бұл адам тербелістерінің ішіндегі ең қуаттысы. Жеке ой-ықылас саны адамның өзіне таңдаған жолын аша түседі.
Достық, некеге тұру, ұстаным мен тілектер, жыныстық серіктесті таңдауда маңызды рөл атқарады. Бұл сан адам өмірінің барлық кезеңінде жүріп отырады, әсіресе 35-40 жаста ерекше біліне бастайды.
Туған күніңізді табыңыз және өз ой-ықыласыңыздың санын анықтаңыз...Және де сіз өзіңіз туралы ақпараттың рас екендігіне көз жеткізіп, таң қаласыз!
«Ой-ықылас саны» бар болғаны – 9. Әр санға белгілі бір күндер сәйкестендірілген. Өз туылған күніңізді табыңыз да, «ой-ықылас санын» көріңіз.
 
1 Ой-ықылас саны.
Мінез бен қабілет белгілері.
1 Ой-ықылас саны әр айдың 1, 10, 19, 28 күндері туылған адамдарға тиесілі.
Бұл күнде туылған адамдар Күн арқылы басқарылады, Күннен қуат, мақсат пен ой алады.
Олар жаңа идеяларға қанық, әсіресе бұл олардың дұрыс бағытта келе жатқандығынан анық көрінеді. Олардың ойын өзгерту, пікірін немесе шешімін дұрыстау өте қиын.
Олар жан-жақтан идеяларды жинақтап, өз ойлау образын қалыптастырады. Олар үнемі қоршаған ортаның ойынан шығуға талпынады. Көшбасшы болуға тырысу, шамалы эгоизм де тән. Өмір және қоршаған орта туралы нақты, жүйелі ойлары қалыптасқан.
Бірдің аты айтып тұрғандай, бұл күндерде туылған адамдар әрдайым бірінші болғанды ұнатады, қалайды. Пікір таластырудың, қырсықтықтың майталмандары. Бұлардың барлығы дерлік шығармашылық қабілетке ие, қуатты да жоспаршыл адамдар.
Бұлар мықты тілшілер немесе ғылыми қызметкерлер болуы мүмкін. Олар көрікті әрі білімді, негізінен діни ойлардан алыс, алайда ара арасында діни жолдағы адамдар да кездеседі.
Қарыштау мен құлауды жақсы қабылдайды, ол жолда жүйке төзімсіздігін немесе әлсіздігін көрсетпейді. Олар сынды көтермейді, алайда өздері сынағанды ұнатады. Оларға жалқаулық, жайбасарлық, өтірік дандайсу, өтірік уәде беру, қол қусырып отыру тән емес. Олар шектелмеген еркіндікте жүргенді қалайды. Өзінің ойын ашық айтқанды ұнатады және де өз сауалдарына қысқа жауаптары да дайын тұрады.
1 санына ие адамдар өте ақкөңіл келеді, олармен бірге жұмыс істеу анағұрлым жеңілірек. Күнге тән қасиетіндей, айналасында жарқырап, үнемі шуақ шашып жүреді. Діни бірлестіктерге кіреді, алайда негізгі жұмысты иеленбесе, одан бас тарта да алады. Ережеге сәйкес, бұл санның адамдарын қарама-қарсы тарап тез байқап, назарын тіктеп отырады.
Олардың өміріндегі ең белсенді жылдар – 35-39 жас болып есептеледі.
1 санының негізгі белгілері: еркіндік, жеке тұлғалық, жетістік, көшбасшылық, басқару қабілеті.
Алдын ала ескертулер.
1 ой-ықылас санындағы адамдар өз қаражаттарына жақсы қарайды. Оларға ақшаны үнемді жұмсап, түрлі қаржылық арбауға қатыспауы керек.
Асығыс шешім қабылдамауы керек, ол жақсылық әкелмейтіні анық.
Олар:
• тым жоспаршыл;
• тым еркін;
• бейқам, салақ;
• тым өктем;
•тым әсершіл;
• сыни көзқарасқа бейім болмауы қажет.
Сондай-ақ бұл адамдарға үнемі назар аудартып, мақтанып, жеке күресіп, көмек көрсетуден қашуға да болмайды.
 
2 Ой-ықылас саны.
Мінез бен қабілет белгілері.
Екі – 2, 11, 20, 29 күндері туылған адамдардың ой-ықылас саны.
Екі Айдың қорғанысындағы сан. Ол үнемі өзгереді, тез үйренеді, алайда бір шешімге келу ол үшін өте қиын. Бұлар маңызды өкіл, елші, дипломат болуы мүмкін, өйткені бірлік тек қана екі жақтың келісімі негізінде туындайтыны анық. Екі күш-қуатты жинайды және бейімдейді.
Оның ұраны – адалдық пен әріптестік, өйткені ол оппозициялық күштер арасындағы теңгерімді сақтайды. Бірлік – бұл оның мақсаты, сондықтан ол басқаларға бағынышты түрде жауап береді. Ең бастысы, ол үйлесімділік пен бейімделуді бағалайды. Бұл көшбасшыға қарағанда анағұрлым жоғарырақ.
Екі санының иегерлері – идеалистер мен романтиктер. Сондай-ақ, арманшылдар. Оларда қиял мен интеллект жақсы дамыған. Сізге тәртіп пен ұқыптылық ұнайды. Сіз мұқият және мақсат қоя білетін адамсыз. Сізге тартымды әрі қарапайым адамдар ұнайды. Сондай-ақ, сіз өзіңіздің бай қиялыңызды қанағаттандыратын және оң эмоциялар әкелетін саяхатқа бейім тұрасыз.
Сіз көрерменсіз және пойыз терезесінен әдемі көріністі ұзақ уақыт тамашалап тұра аласыз. Сіз сондай-ақ тумысыңыздан бейбітшілік пен келісімшартты реттеуге және қарсыластарды татуластыруға бейімсіз. Бұл сіздің адамдарға әсер ететін табиғи қабілетіңіздің арқасында сәтті шығады. 
Екі санына тиесілі адамдар тартымды келеді, өнерді терең түсініп, өзгенің басын қалай айналдыру керектігін де біледі. Олардың жүрегі мейірімді, олар нәзік, адал және үнемі көмектесуге дайын. Олар достықты қасиетті деп санайды және басқалардың игілігі үшін барлығын құрбан етуге даяр келеді. Мұндай адамдар достық қарым-қатынасқа жеңіл түседі. Олар басқа адамдармен эмоционалды түрде байланысады және «өмір сүр және өзгенің өмір сүруіне де мүмкіндік бер» деген бейбіт өмір сүру философиясын ұстанады.
Екіліктер тұйық келеді, бірақ олар ешқашан өтірік айтпайды және басқа адамдардың өтірік айтуына да жол бермейді. Және бұл қасиеттерін кейде өзге арам пиғылды амадар пайдаланып, оларды қаралау үшін пайдаланып кетіп жатады. Ал егер ай жақсы орналаспаған болса, арам пиғылды адамдардан мұндай адамдардың зәбір көруі де мүмкін.
Егер ай жақсы орналасса, олар жақсы күшке ие және кімің жамандық ойлайтынын алдын ала сезгіш келеді. Айдың картада жақсы орналасуы екі санына тиесілі туған адамдардың шешендік өнерге жақын қылады, жақсы қарсылас ретінде көрінуіне жол ашады. Олардың ақылы анық әрі нақты, ал ойы мен қабілеті бірге жұмыс істейді.
2 санының негізгі ұстанымдары: ынтымақтастық, жақындық, сезімталдық, теңгерім мен үйлесім.
Алдын ала ескертулер.
2 санына тиесілі адамдар өзіне-өзі сенімділік, ерік-жігер мен батылдықты дамытуға, тәуелсіздікке қол жеткізуге, шапшаңдықты болдырмауға, олардың іс-әрекеттерін бақылап, өз шешімдерін ұстануға тиіс. Олар асқазанға және жүрекке жарамайтын тағамнан аулақ жүріп, терең жерлерде шомылудан немесе қайықпен серуендеуден аулақ болуы керек.
Оларға:
• батылдықты жоғалту немесе тез ғашық болу;
• өзге үшін өз жұмысын кейінге қалдыру;
• жұмыста басқаның көмегіне жүгіну;
• көңілдің аумағандығынан жұмысты аяқсыз қалдыру ұсынылмайды.
Екіліктер жұқпалы аурулардан зардап шегетін адамдардан, жұқпалы ауруларға және иммундық жүйенің әлсіздігіне байланысты адамдардан аулақ болғаны абзал. Иммундық жүйені нығайту үшін олар таңертеңгілік серуендеуге шығуы және массаж жасауы тиіс. Олар өз тамағын күтуі тиіс.
2 санына тиесілі адамдар спортпен шұғылданады, таза ауада жұмыс істей алады. Олар үнемі өз денесін тиісті қалпында сақтауға тырысуы керек.
 
3 Ой-ықылас саны.
Мінез бен қабілет белгілері.
3 Ой-ықылас саны  3, 12, 21 және 30 күндері дүниеге келген адамдарға тиесілі.
Егер сіз жоғарыда көрсетілген күндердің бірінде туған болсаңыз, онда сіз шығармашыл және жарқын табиғат иесісіз. Сізде өткір ақыл мен табиғи барлау бар. Сондай-ақ, тамаша қалжыңқой адамсыз. Қызық, интеллектуалдық және тамаша түйсігі бар адамдар сізді «қалай» көре алатыныңызды білесіз. Бірақ кейде сіз бағалау мен ойыңызды білдіруде өте қатал болып кетесіз.
Сіз тағдырға төтеп бермеуіңіз, әлсіл-әлсін оның дегеніне жүгінбегеніңіз абзал. 3 саны тиесілі адамдар тәуелсіз, қатал, белсенді келеді, қиын жұмысты жақсы көреді. Олар сенімді, тәртіпті, өз-өзіне сенімді, бастамашыл, амбициялық. Әрқашан және барлық жерде бірінші болғанды ұнатады. Олар өмірде ұрпақтары есіне алатындай тамаша нәрсе істеуді армандайды. Сондықтан олар үнемі болашақ туралы ойлап жүреді.
3 санына қарасты адамдар достық пен кеңшілікте өмір сүргенді қалайды, тез тіл табыса алатындықтарының арқасында бәріне үлгеріп жүреді. Олар ешқашан бос отырмайды, өмір бойы жұмыс істейді. Олар демалу қажеттілігін сезінсе де, олар арқаны кеңге салып отыра алмайды.
Егер алға қойған мақсаты олар үшін қиын болса, бастаған істі аяқтай салысымен басқа іске көшіп кетеді. Осылайша олар жұмыс жасай жүріп бір мезетте бірнеше жерден ақша алып отырады.
Олардың денсаулығы мықты, дене белсенділігі де қуатты. Тез дос табады және достары да көп. Махаббатта жолы болғыш. Қарама-қарсы жыныстылар тарапынан үнемі назарға ілігеді. Жалпы алғанда адал, таза, өз жұптарына бекем келеді.
Өз туыстарына жақсы қарайды және отбасымен тығыз қарым-қатынаста. Отбасында береке мен бірлікті сақтау үшін жеке басының еркіндігінен бас тартуға бар. Өз туғандарына әрдайым көмектесуге әзір.
3 санына тән белгілер: өмірге құштарлық, сенімділік, шығармашылық мүмкіндік, тіл табысу.
Алдын ала ескертулер.
Үштіктер ақшаларын ұқыпты жұмсауы тиіс, ашуды, сезімталдылықты бақылай алуы керек. Өз жетістіктерімен қуанбағандары және сәл ғана қиындықтарға еңсесін түсірмегендері абзал.
Өмірде оларға зиянын тигізетіндер мыналар:
• шыдамсыздық
• сенім мен ұстаным
• өктем бұйрық
• өмірлік жұптарына құрметтің болмауы
• қаржылық заңсыз әккілік әрекеттер
Мұндай адамдарға өз күшін дұрыс бағалау қажет және шамасы жетпесе көп жұмыс алмағандары дұрыс. Жағдайдың дұрыс еместігін сезсе, демалыс алу да артық етпейді.

4 Ой-ықылас саны.
Мінез бен қабілет белгілері.
4 Ой-ықылас санында дүниеге келген адамдарға 4, 13, 22 және 31 сандары тиесілі.
Сіз барынша таза әрі адал адамсыз, өзгелердің құпиясын сақтай аласыз, адал доссыз. Достарыңыз көп емес, алайда олар өмірлік. Тәуекелді жаныңыз сүймейді, ой елегінен өткізіп, жақсылап ойанып қадам жасағанды ұнатасыз. Алайда бұл әрекетіңіз өмірде сізге кедергісін келтіруі де ықтимал, сіз ұсынылған қадамды мүлт жіберіп алуыңыз мүмкін.
Сізге қызғаныш, өсек-аяң ұнамайды. Кейде айнала қоршаған дүниеге тым шынайы көзқараспен қарайсыз. Сізден жақсы ұйымдастырушы, басқарушы шығады.
Төрттіктер бір беткей келеді. Раху оларға нақтылық, батырлық, шыдамдылық береді, сондықтан олар кез келген ауыртпалыққа төзімді. Кез келген өзгерісті, өрлеу мен құлауды шыдамдылықпен қабылдайды. Өмір бойы сынға ұшырайды, алайда бұл жерде де төзімділік таныта біледі. Өздерін жалғыз, жапанда қалған адамдай сезінулері екіталай.
Байлықтың жиналуына құмартпайды. Ақша қолына түссе, барынша жұмсағанды ұнатады. Айналасын қоршаған адамдар оларды бай деп сезеді. Олар достық қарым-қатынасты жақсы бағалай біледі, достығы ұзаққа созылады.
Олар өте тұйық адамдар. Өз құпияларын жақын адамдарына да айтпауға тырысады. Бұл олардың жүректеріне өте ауыр, алайда өз қиындықтарын өздері көтергенді дұрыс деп санайды.
Мұндай адамдар өмірінің соңында табыс пен жетістікке жетеді. Сонымен қатар олар мұрагерлік жолымен байып шығуы да екіталай.
4 санына тиесілі іс-әрекеттер: тәртіпті жақсы көру, еңбекқорлық, іскерлік.
Алдын ала ескертулер.
Олар қажетті емес ұрыс-керістен, бос ақша шашудан аулақ болып, өзгені бағалай білуді үйренуі керек. Әрдайым тыныштық сақтағандары абзал.
Ондай адамдарға өзгені көп жамандамау керек және жалған сөзден де аулақ болғандары дұрыс. Өзгеге көзсіз сенуді де доғару керек.

5 ой-ықылас саны.
Мінез бен қабілет белгілері.
5 ой-ықылас санына тиесілі сандар әр айдың 5, 14 және 23 күндері туғандар.
Олар өте белсенді келеді. Тез от алғыш және көңіл күйлері де құбылмалы. Ішкі түйсікке бағынбай шешім қабылдағыш. Ешқандай қиындықсыз шет тілін меңгере алады.
Сіз үшін ақша табу үлкен проблема емес, оларды сақтау үлкен мәселе.
5 санына тиесілі адамдар нәзік мінезге ие және әр минутта бір нәрсе үйреніп алуға тырысады. Көңіл күйді көтергенді қалайды және айналасына жақсы атмосфералы адамдарды жинақтай біледі. Ұзақмерзімді жоспарлар құрмайды, ақша табудың жаңа жолдарын үнемі іздестіру үстінде жүреді. Үнемі ақша табу ойы оларды құмар ойындарға итермелейді. Алайда бұл ойынның соңынан ерсе, барынан айырылатынын да ұққан орынды.
Бестіктер кез келген санмен жақсы қарым-қатынас орната алады. Алайда олар тұрақты болмаған соң олардың достығы ұзаққа бармайды.
Өзгерісті жаны сүймейді, өзгенің затын ұстағанын, пайдаланғанын ұнатпайды. Өз жауын дос қылып, ықпалына еліктіру қолынан келеді.
Өте үнемшіл, ақшаны жақсы жинай алады. Үнемі ақшаны табу жолын жеңіл қарастыра алады. Бос отыра алмайды, тез ақша табу олар үшін түк емес. Бұл адамдарға серіктес ретінде сенуге болады, кез келген қаржылық тығырықтан алып шығады
Олар үнемі өз уақытымен жүреді және қашан көрсең де асығып жүреді. Кейде өз отбасынан алыста, өмірмен рааттанып, білім алғанды ұнатады, армандайды.
Бестіктер үнемі денсаулықтарын күтіп жүреді және тағамды таңдауға келгенде өз талғампаздықтарын көрсетіп жатады. Сырт келбетін де жақсы күтеді, денесі ірі келеді, қартайғанға дейін денсаулығы жақсы күйінде қалады. Өзі секілді жұлдызды күні туған адаммен ерекше тіл табысып, дос болуға қабілетті.
5 санының негізгі белгілері: еркіндік сүйгіштік, сындарлылық.
Алдын ала ескертулер:
5 санына тиесілі адамдарға:
• қалжыңдау сезімін жоғалтуға;
• өткір тілін пайдаланып, өзгені сөгуге;
• тым сыншыл болуға;
• күйзеліске түсіп, жүйке және жүрек ауыртпалықтарын сезінуге;
• балалардан қашып, оларды ойнатудан бас тартуға;
• үнемі бір жерге асығуға;
• үнемі қырсықтық танытуға;
• түнде кітап оқып не теледидар қарап көзге салмақ түсіруге;
• адамдар туралы дұрыс айтпауға;
• өтірік уәде беруге;
• кез келген нәрсеге ренжуге болмайды.
Бестіктерге ұсынылатын жағдайлар:
• таңғы ұзақ серуендеу жасау;
• көбірек шырын ішіп, қанның тазалығын қамтамасыз ету, өйткені олар тері және жүрек ауруларына тез шалдығады;
• қысқа ғана саяхат жасап, теріс пиғылды адамдардан аулақ болу;
• жүйке жүйесін жақсарту үшін аптасына екі рет зәйтүн майы негізінде массаж қабылдау;
• достарға риза көңіл күйде болу, өзгелерді бағалай білу.

6 Ой-ықылас саны.
Мінез бен қабілет белгілері.
Алты – кез келген айдың 6, 15 және 24 күндері дүниеге келген адамдарға тиесілі.
Оларға қарасты маңызды белгілер: отбасылық және әлеуметтік жауапкершілік, шығармашылық.
Бұлар өте ашық, адал адамдар. Жақсы дос, сол себепті адамдар сіздің жылы энергетикаңызды сезе біледі. Сіз қонақжай әрі ашықсыз, әрдайым көңіліңіз көтеріңкі жүреді. Айналаңыздағы жақын адамдарыңызға достық пейіліңіз бен шексіз махаббатыңызды сыйлай аласыз.
Әрқашан өз тәжірибеңізді өзгелерге жеткізуге ұмтылыңыз. Мұндай адамдар айналасындағы адамдарды өзіне тартады, олар сыпайы, көркем, нәзік келеді. Ақшаны оңай жұмсайды. Олар шетелге жиі барады. Олар өздерінің сыртқы келбеті туралы тым көп ойлайды және әрқашан жағымды киінуге тырысады.
6 саны тиесілі адамдар ақылды, ұқыпты келеді. Өз бизнесін өте баяу атқарады, бірақ олар бұл олардың кемшілігі емес, олардың абыройы деп санайды. Олар жылдамдықты сүймейді, жылдамдық олардың жүйкесін бұзады, көптеген қателіктер жібереді.
Шашылып жатқанды ұнатпайды, мұқият. Үйлерін, бөлмелерін, кеңселерін, жұмыс орындарын безендіріп жүреді. Бұл әмбебап достар, жақсы отбасы мүшелері. Достар оларды нәзік талғамы үшін жақсы көреді, жұмсақтығы үшін сүйеді. Олардың үнемі жолы болғыш келеді және де жас кезінде табысқа жетуге тырысады.
6 санының негізгі белгілері: жауапкершілік, махаббат, тыныштық, жәрдем беру қабілеті.
Алдын ала ескертулер.
Іс байланыстыратын адамдарды бірінші кезекте тексеріп алғандары жөн. Ал әйел адамдар қаржылық қарым-қатынасқа түспес бұрын барынша тексерген оңды. Оларға кез келген істе жалқауланбау керек. Өзін ренжіткен адамдарды ұмытып, өз энергияларын бекерден бекер құртпаулары керек.
Олар үнемі:
• ауыр жұмыс істемегендері;
• есірткі пайдаланбағандары;
• шамадан тыс махаббат байланыстарына түспегендері;
•тәтті, майлы, ащы тағамдарды тұтынбағандары абзал.
Оларға қажетті:
• таңғы серуендеуді үйлесімді пайдалану
• өз өмірін дұрыс ұйымдастыру, кесте жасап, спорттық не су жаттығуларына көп уақыт бөлмеу
• артына ақша жинау
 
7 Ой-ықылас саны.
Мінез бен қабілет белгілері.
Жеті кез келген айдың 7, 16 немесе 25 күнінде дүниеге келген адамдардың ықылас саны.
Бұл санның өзінді белгілері адамдарға бай фантазия, интуицияны дамытуға ынталық, сараптама бейімділік береді. Бұл өмірдің материалдық жағына қарағанда, ақыл-ой мен рухтың үлкен мәселелеріне қызығушылықтың туа біткен философиясы.
Бұл сан өкілдеріне жататын адамдар негізінен барлық белгісіздіктер мен құпиялардың мәнін білуге және оған дендеуге ұмтылады. Әдетте, олардың бойына сезімталдық пен парапсихологиялық қабілет дарыған, оңаша қалғанды және жалғыздықты жақсы көреді. 
Бұл адамдар тәуелсіз және жекешіл, оларды түсіну қиын. Өйткені олар үндемейді және тұйық. Сол себепті олар өмірде жиі жалғыздықта болады. Жалғыздық олар үшін еш ауырлық емес. Олар қоғам ортасында олардың қызығушылығымен бөлісе алатын сенімді достардың шағын ғана ортасында болғанды жақсы көреді.
Бұл адамдар бірегей, өркөкірек және қоршаған орта тарапынан кеңес мен көмекті үлкен ынтасыздықпен қабылдайды. Олар өзіне тарту күшіне, сонымен қатар   көріпкелдікпен шектесіп жататын зеректік пен сезгіштікке ие. Сондықтан олардың назарынан еш нәрсе тыс қалмақ емес. Өздері білмейтін нәрсеге еш сенбейді және кез келген нәрсені тексеру үшін олар алдымен оны зерделеп, түсініп алуы қажет.
Олардың басым көпшілігі дарынды ақын, суретші, ойшыл, шешен, төреші, нумерологтар, реформаторлар және ғалымдар.
7 санындағы адамдардың жүрегі қайырымды келеді. Олар қиялшыл, сезімтал және қайырымды болып келеді. Олар өз ойын жеткізудегі бірегейлігімен, өмірге көзқарасының тәуелсіздігімен ерекешелеп тұрады. Заттарға филососфиялық көзқарасы   оларға қайталанбас даралық береді. Оларды ескі құндылықтар мен ескі шындықтан жаңа мән тауып, әділетсіздікке төзбейді.
Адамдарды тіпті олардың қарсыластары да олардың көзқарасын қабылдауға мәжбүр болатындай сендіру қабілетіне ие. Жетілік адамдар топтасқан жерді жақтыра бермейді және табиғат аясында уақытын өткізуге тырысады. Олар рухани жағынан өзіне тең келетін адамдар арасынан дос іздейді. Өзінің сенімділігіне қарамастан ішкі жан дүниесі бұл адамдардың өте жақсы ұйымдасқан, тұрақты өмірлік ұстанымға ие, оның көмегімен дене және ментальды саулығын ұстанады. Олар асқан шеберлікпен жоспар құра алады.
Олардың көпшілігі епшіл және тіпті адамдар тастай салған қажетсіз заттарды тез арада еппен қолдана алады. Өзгерістерді жақсы көреді, саяхаттағанды ұнатады. Саяхатқа қандай да бір жаңа дүниені білуге және ақша табуға деген үмітпен шығады. Бұл өзге сандарға қарағанда оларда өте жақсы  орындалады.  Олар батыл әрі тәуекелдерде оңай барады. Барлығына да әйтеуір бірдеңе үйренуге тырысады және оккульттық ғылымдарға барынша қызығушылық танытады. Бұл  өмірде көптеген жаңалықтар ашуға мүмкіндік беретін шынайы ғылыми өмір.
Жетіліктер бейбітшілікті сүйеді. Дегенмен, өздеріне біреулердің бұйрық бергеніне төзбейді. Дос адамы үшін көптеген жақсылық жасай алады және сонымен қатар достық қарым-қатынас үзілген кезде көптеген қолайсыздықтар да тудырады.  Әдетте кез келген жұмыста жоғары дәрежеге қол жеткізе алады. Өз өмірін 34 жасқа жақындағанда құра  бастайды және байлыққа да сәл кешігіп қол жеткізеді.
Олар тартымды, жағымды әрі сүйкімді. Оларды алдау оңай емес. Өйткені, олар өзге адамдардың ойын оқи алады. Бірақ өзін қалай түсіну керектігін білмейді.
7 санының негізгі белгілері: сараптама, түсіну, пайымдаушылық, шындықты іздеу, рухани түсінік.
Алдын ала ескертулер.
Кез-келген жобаны жүзеге асырудан бұрын жетіліктер істің мән-мағынасын мұқият зерделеп, жұмыстың оң және теріс аспектілерін өлшейді, қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті уақыт пен еңбекке баға берген абзал.
Оларға: 
•Энергияны ысырап қылмай және шешілмейтін тапсырмаларды орындамау
•Өзіңіздің ойларыңызға емес, кез келген өзгерістерді қуана қабыл алу
•жеке жобаларды бастау үшін өз-өзімен жеткілікті және батыл болуға тырысу
•Сақ болу, шынайы және өз жұмысыңызға адал болу, жеміссіз қиялдардан аулақ жүру
•Өте сезімтал болмау
•жылдам шешім қабылдау ұсынылады.
Жетіліктер өте абай болу керек және алкогольді және нашақорлықпен айналысатын адамдармен танысудан аулақ болу керек, өйткені олар өздерін осы өмір салтына қатыса алады. Олардың айналасында гүлдер мен жасыл өсімдіктер болуы керек және олар күн сайын таңертең ішкі күштерді толтыру үшін оларға қарайды. 7-ші санаттағы адамдар су спортынан, терең судан және қайықтармен және кемелермен жүруден аулақ болу керек.

8 Ой-ықылас саны.
Мінез бен қабілет белгілері.
Сегіз - кез келген айдың 8, 17 және 26-шы күндерінде туған адамдардың жан-жүрегінің саны.
Сегіз - шексіздік белгісі. Сондықтан сегіздік адамдары екіжүзді және маңайындағыларды таң қалдыра отырып, бір тараптан екінші тарапқа  ауытқып кетуі мүмкін, тіпті күніне бес рет өзгеріп отырады. Сегіздіктер әділеттілік сезімімен және әлдеқайда бақуатты емес адамдарға көмектесу ниетімен ерекшеленеді.
Сегіздіктер - магнаттар. Егер сіз сегіздік болсаңыз, онда материалдық тұрғыда көп нәрсеге қол жеткізе аласыз,  бірақ аздап қана күш-жігер жұмсау қажет. Ақша сізді жақсы көреді және өз уақытында сізге ықтиярымен келеді. Сіздің арманыңыз бен идеяңызды нақты нәрселерге аударудың керемет мүмкіндік бар. Сіздің дарындылығыңыз бен даралығының қарама-қарсы жыныстағы адамдарды магнит сияқты тартуға қабілетті.
Сегіздік санының адамдары – құлшына жұмыс істейтіндерр. Олар барлығын өздері жасауға тырысады және өзгелердің көмегін қабылдамайды. Жасырын, шыдамды, пәрменді, ауыр,  мұқият, шынайы, көңілді; ішкі тыныштық пен тепе-теңдікке ие. Олардың өмірі күреске толы, бірақ олар мақсатқа жетпейінше шегінбейді.
Олардың нәзік және әлсіз табиғатын тани алатын шынайы достары өте аз. Олар кез келген қиындықтарға батылдықпен қарайды және өздерінің достарының мүдделеріне жауап бере алады. Оларды барлық жағдайлардан құтқарады, бірақ осылайша олар өздеріне жау тауып алады.
Сегіздіктер өте кекшіл, өкпелерін кешірмей, өмірінің соңына дейін жүректерінде сақтап қалады, ренжіткендерге шабуыл жасау үшін қажетті сәтті шыдамдылықпен күтеді. Олар жауларын талқандағанша тыныштанбайды. Жеңілісті күлімсіреп қарсы алады және, өздерінің стратегиясын өзгертеді, бірақ олар кек алмайынша тыныштанбайды. Олар экстремистер сияқты достық пен жеккөрушілікте шектен шығып кетеді.
Кәсібінде олар аздаған сәттілікпен қанағаттанбайды, үлкен құрметке ұмтылады. Адал, практикалық және ақылды бола отырып, олар екіжүзділікті және алдауды жек көреді.
Сегіздіктер үшін ешқандай нормалар мен ережелер жоқ, оларға бағыну ұнамайды және жиі билік өкілдерімен жиі қақтығысады. Сегіздіктер, ең алдымен, өзінің қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, бірақ олар ақшаның соңында жүрмейді. Ақша үшін олар кез-келген жұмысты жасайды.
35 жасқа дейін олар ақшаны қалай үнемдеу керектігін білмейді, өмірлерінде бірнеше мәрте қаржы дағдарысына тап болады. Бірақ 35 жастан  кейін оларда жинақ пайда бола бастайды. Олар өз есепшоттарының өсуін қадағалағанды ұнатпады және олар ақшаны қалай болса солай шашқанжды доғарады.
8 санының негізгі белгілері: қанағаттану, жетістік; табысқа ұмтылу, билік, танылу.
Алдын ала ескертулер.
Олар өздерінің мүмкіндіктер жетпейтін жұмысқа кіріспеуі керек. Олар өздерінің туыстарына және бағынатын адамдарына сеніп, достарының және таныстарының шеңберін кеңейтіп отыруы керек. Олар туыстарының алғысы мен көмегіне үміт артпауы керек. Сегіздіктер кінәсіздікке жол бермеуі керек, нәзіктік маскасын тастап, ауыр, қатқыл болуы керек. Олар күлімдеп, бақытты болуды үйренуі керек.
Оларға қажетті әрекеттер:
•өзіңізді төзімділікке, достыққа тәрбиелеңіз, соншама оңай ашуланбаңыз;
•Өзіңнен артық білетін дана адамдардың кеңесіне жүгініңіз;
• өткеніңіз туралы ойлау әдетінен арылыңыз және мазасыз қорқынышпен күресуге тырысыңыз;
•өмірлік және іскер әріптестеріңізді сыйлаңыз;
•махаббат істеріне араласпаңыз;
•жиі сапарға шығыңыз,
•қауесеттерді таратпауға тырысыңыз
•консервіленген, ескі азық-түлік пен фаст-фудты тастаңыз; оларға іш қатуға және басқа да қиыншылықтарға жол бермеу үшін көбірек дәнді дақылдарды тұтынып, жаңа піскен шырындарды ішуі керек.
 
9 Ой-ықылас саны.
Мінез бен қабілет белгілері.
Тоғыз - кез-келген айдың 9, 18 немесе 27-ші күндерінде туған адамдардың ой-ықыласының саны.
Марс – өрт пен жылудың планетасы, ол күшті энергия ағымын жасайды, оны жеңу оңай емес. Ол 9 ой-ықылас саны бар адамдары  мазасыз қылады. Олар қалаған мақсаттарға қол жеткізе алмайынша, тыныштық таппайды. Олардың кілт сөздері: жанашырлық, шыдамдылық, әмбебаптық, адалдық.
Тоғыздың ішінде басқа барлық қарапайым сандардың қасиеттері бар, олардың ішінде ең күштісі де саналады. Сен өте сезімтал және сүйкімдісің. Өзгелердің проблемаларына сирек бейімделу сізді өте жақсы дос етеді. Сіз тылсым және беймәлім дүниеге бейімсіз.
Сіз желден еркін болғыңыз және әртүрлі елдерге, құрлықтарға және тіпті планеталарға саяхаттағыңыз келеді... Романтикалық махаббат сіздің өміріңізде осындай маңызды рөл атқарады, ол көптеген адамдарға бір мезгілде таралуы мүмкін, бірақ бәріне бірдей дарымайды. Сіздің өміріңіз жарқын және қызықты оқиғаларға толы, бұл өзгелердің назарын аударады.
9 жан-жүрек саны бар адам күшті биліктік мінезге сипатқа, жоғары мұраттарға ие. Тоғыздар көшбасшы қасиеттерімен туады және қыңырлықты оңай басқара алады. 9  санымен адамдар табысқа жету үшін дүниеге келеді: оларда бұл үшін қажетті барлық қасиет бар.
Тоғыздықтар спортшылар сияқты бәсекелестікке бейім. Олар өте батыл және қым-қуат оқиғаларды жақсы көреді. Шапшаңдық пен күшті ерік-жігер оларға өз мақсатына тез жетуге мүмкіндік береді. Олар кез-келген жағдайға жедел әрекет етеді және алғашқы дабыл түсісімен дайын тұрады, кез келген уақытта шабуылға қарсы тұру күйіне ене алады. Тоғыздықтар өз проблемаларына айта қоярлықтай бас ауырта бермейді және энергиялар тектен-тек жұмсамайды. Тоғыздықтар - оптимистер, тәуелсіз, еркін, шынайы, батыл, шапшаң; оларда энергияның таусылмайтын көзі бар. Олар ешкімге міндетті емес, ештеңеден қорықпайды.
Мұндай адамдар ынта-жігер мен шабытқа толы және әрдайым өз мақсатына жету үшін асығыстық танытады. Олар өз жұмысына біреулердің араласуына жол бермейді, сынды ұнатпайды, әрдайым өз дегенін жасайды. Олар жауапкершілік сезімі өте жақсы дамыған. Жастық шағында олар басқа адамдармен қарым-қатынас жасауда көптеген қиындықтарды бастан кешіреді, сондықтан қоғамда, үйде, жұмыста лайықты орынға жетуі оңай емес. Бірақ 40 жастан кейін олар табысқа жетеді.
Тоғыздықтар - сырттай қатаң, тәртіпті, берік, көрінгенімен, жан-жүректері жұмсақ және мейірімді. Олар жақсы ұйымдастырушылар әрі қабілетті әкімшілер. Егер оларға толық билік берілсе, онда олар басқаратын ұйым үнемі пайда табады. Олар үйлері мен жұмысында бұрын-соңды болмаған тазалық пен тәртіпті сақтау үшін көп уақыт пен күш жұмсайды, бірақ олар отбасылық өмірлерінде тәртіп пен тыныштықты қамтамасыз етуге қауқарсыз.
9 санының негізгі күші: жанқиярлық, аяушылық.
Алдын ала ескертулер.
Өрттен, бомба жарылысынан, жел, боран, су тасқыны және жолкөлік оқиғаларынан абай болыңыз. Олар әрдайым жойқын қарудан оқ атылған кезде даяр болуы және көлікті ерекше сақтықпен жүргізгендері абзал. Ресми қағаздарға қол қойған кезде де оларға ерекше сақтық талап етіледі. Қол қоймас бұрын заңгермен ақылдасса да жетіп жатыр. Қалжыңның орын алуынан қашпауы керек, қалжың – олар үшін жетістік әкелері анық.
Тоғыздықтарға міндетті түрде қажет:
• өш алу қажеттігі туралы түрлі ойлар мен азғырулардан аулақ болу
• жалған сөйлеу, бос мақтаншақтықтан бас тарту
• эмоционалды көңіл күйді иелену және ер мінезден арылмау
• жаман ісәрекеттен, реніштен, ашу шақырудан аулақ болу
• әріптестеріңіз туралы шағым айтудан, өсек аяң тасудан аулақ болыңыз
• өмірлік серіктестеріңізді жақсы көріп өтіңіз, отбасылық өмірде бейбітшілік орнатыңыз және де мына аксиоманы естен шығармаңыз: «Пендеге қателесу, құдайға кешірім ету тән»
• өзіңіздің тынымсыздығыңызды жеңуге тырысыңыз
• достарыңыз бен таныстарыңыздың ортасын көбейтуге тырысыңыз
• әрдайым жүзіңізден күлкі кетпеуі тиіс
• өз басшыларыңызды сыйлаңыз және олармен қандай да бір кикілжіңге бармаңыз
• өміріңізде тәртіпке үндейтін пәндерді енгізуге тырысыңыз
• туу туралы күнтізбені жобалаудағы Марс ғаламшарының нашар орналасуы жағдайында жаңа кезеңдерді бастаудан аулақ болыңыз
• есірткіден аулақ болыңыз, өйткені оған тез бейімделу көрсеткіші бар.


http://taynimiro.info
нравится:    189
Теги: Главная, Психология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:

Комментарии