|    |  
10 желтоқсан 2018
22:39
қаз
Өзбек қызы сұлулығымен ресейліктерді тәнті етті (фото)
06 маусым, 12:21 1079

Ресейдегі Татарстан Республикасының астанасы – Қазан қаласында өткен «Әлем інжуі-2016» сұлулық конкурсында өзбекстандық Сабина Мусаева бірінші орынды жеңіп алды.

Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

“Әлем інжуі” – тек сұлулық сайысы ғана емес, ол сонымен бірге талантты да бағалайды. Онда әрбір қатысушы негізінен ұлттық салттар мен дәстүрлер тақырыбына құрылған шығармашылық нөмірлерін орындайды. Сондықтан финалға шыққан қыздардың әрбірімен ұзақ уақыт хореографтар, режиссерлер жұмыс жасасып, оларды актерлік шеберлікке баулыған, сахнадағы дағдыларын жаттықтырады.

Байқау қорытындысында жеңіске жеткен Сабина Мусаева 30 елден келген үміткерлер арасында артық көрінді. Ол Қазан федералды университетінде оқиды. Ресейлік Ангелина Губанова – екінші, вьетнамдық До Нюнг үшінші орындарға шыққан. Бұлардың соңғысы да татар мемлекеттік университетінің студенті көрінеді.

Конкурста бұдан басқа 14 номинация бойынша сыйлықтар тапсырылған. Солардың арасында “Жеке тұлға миссі” атағы қазақстандық Айнагүл Сұрғалиеваға тапсырылған.





 


Жаңалықтар