21 Август
19:56
Астана: 25 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
24 наурыз 10:12
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Өзбекстан тұрғындары 31,5 млн. адамға дейін жетті
23-03-16-uzbekistan

2015 жылдың қорытындысына сай, Өзбекстан Республикасы тұрақты тұрғындарының саны соның алдындағы жылмен салыстырғанда, 1,8 пайызға артып, жалпы мөлшері 31 576 000 адамға жетті. Бұл туралы «Газета.uz» ақпарына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

Өзбекстан мемлекеттік статистика комитеті сәрсенбі күні хабарлағандай, 2016 жылғы 1 қаңтарда қала тұрғындары 15, 964 млн. адамға (өсімі – 1,3 пайыз, жалпы тұрғындардың 50,6 пайызы) жетіп отыр. Ал қишлоқ тұрғындары 15,612 млн. адамды (өсімі – 2,3 пайыз, жалпы тұрғындардың 49,4 пайызы) құрайды.

Өткен жылы туылғандар саны 735,8 мың адам болды (2,5 пайыз). Туу коэффициенті 23,5 пайызға тең. Ал соның алдындағы жылы ол 23,3 пайыз болған. 2015 жылы 152,9 мың адам қайтыс юолды (2 пайызға өскен). Өлім коэффициенті 4,9 промилле болды.

Статистика комитетінің дерегінше, Өзбекстан адам өмірінің орташа ұзақтығы әйелдерде 75,8 жасты, ер кісілерде 71,1 жасты құрап отыр.
нравится:    700
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии