16 Декабрь
18:49
Астана: -14 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Экономика
8 қыркүйек 10:15
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Өзбекстан үкіметі Арал өңірінің проблемасын шешуге $4,3 млрд бөледі
Өзбекстан үкіметі Арал өңірінің проблемасын шешуге $4,3 млрд бөледі, деп хабарлайды ӨзТАГ-қа сілтеме жасаған ҚазТАГ.


«Өзбекстан үкіметі 2015-2018 жылдары Арал теңізі апатының салдарын жұмсартуға, сондай-ақ аталмыш өңірдің қалпына келтірілуі мен әлеуметтік-экономикалық дамуға $4,3 млрд бағыттайды», — делінген дүйсенбідегі хабарда.

Мұнымен қатар қаражаттың үкімет бекіткен бағдарлама аясында бөлінетіні түсіндіріледі.

«Атап айтқанда, үкіметтің өткен аптада бекіткен бағдарламасының аясында өңірдегі су ресурстарын ақылмен пайдалану жөніндегі шараларды жетілдіруге$1,09 млрд бөлінген болатын. Халықты жұмыспен қамтуды кеңейту бойынша жобаларға $321,2 млн бағытталады, халықтың денсаулығын жақсартуға — $433,7 млн, экожүйе мен биоалуандылықты қалпына келтіруге — $158 млн», — деп атап көрсетілген хабарда.

Хабарланғандай, бағдарлама сонымен қатар өндірісті жетілдіру және Арал маңы өңірлері – Қарақалпақ автономиялық республикасы мен Хорезм облысын әлеуметтік-экономикалық дамытуды жалпы құны $2,29 млрд-пен қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымды жақсарту жөніндегі шараларды қарастырады. Бағдарламаны қаржыландыру $3,5 млрд-тық шетелдік қарыздар мен несиелер есебінен, халықаралық гранттардан — $200 млн, өзбек тарапының жеке қаражатымен іске асырылатын болады.

Дереккөзі: businessnews.kz
нравится:    891
Теги: Нарық және тұрмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии