17 Август
05:41
Астана: 12 °C
Алматы: 16 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Авто
7 тамыз 09:20
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Өзбекстанда әлемдегі ең күрделі тоннельдердің бірі салынуда
Өзбекстанда әлемдегі ең күрделі тоннельдердің бірі салынып жатыр. Бұл туралы UZ24 хабарлады.


«Электрлендірілген Ангрен – Пап темір жолының Камчик таулы асуы астынан өтетін бөлігіндегі тоннельдің ұзындығы 19,1 шақырымды құрайды», – делінген хабарламада.

Ол өзінің күрделілігі жағынан таулы аудандарда орналасқан тоннельдердің әлемдік рейтингісінде 8-орын алады, ал тоннельдегі темір жол полотносының ұзындығы жағынан 13-орында. Жобаның өзіндік құны $455 миллионға бағаланып отыр.

Жаңа шойын магистраль Орталық Азия мен Қытайдың арасын жалғайды. Оның құрылысын 2016 жылдың бірінші жартысында аяқтау жоспарланған.

Қазір мұндағы құрылыс жұмыстарына 4250-ден астам маман мен 720-дан аса техника бірлігі тартылған.

Қазіргі сәтте 285 су құбыры мен 6 жол өткізгіш құрылыстардың, 13 теміржол көпірінің, «Орзу» вокзалының, Кул, Темирйулобод, Кушминор стансаларының жұмыстары аяқталған.


Сондай-ақ Ангреннен тоннельдің батыс порталына, шығыс порталдан Папқа дейінгі жол бөліктерінің құрылыстары мен оларды электрлендіру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды «Узбекистон темир йуллари» АҚ ақпараттық қызметі.

Дереккөзі: ras.kz
нравится:    826
Теги: Автожаңалықтар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии