19 Сентябрь
19:20
Астана: 17 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 340.02
EUR/KZT: 406.26
RUB/KZT: 5.90
CNY/KZT: 51.79
Туризм
25 тамыз 11:39
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Өзбекстанда ғажайып «Тас орманы» паркі жасалады
Өзбекстанның Навои облысына қарасты Үшқұдық ауданының жеріндегі Жарақұдық шатқалында көне заманнан келе жатқан тас орманы бар. Ел билігі енді оны Чили мен Болгария жеріндегідей ғажайып паркке айналдыруға әрекет жасап жатыр.


Аталған аумақтағы ежелгі дүниеден бері келе жатқан тас тұлғалы діңгектер тік тұрған тұрбаларды еске түсіреді. Олар уақыттың әсері мен табиғи катаклизмдердің арқылы минералданып қатып қалған ағаштардан құралады. Ал ескерткіштердің құрылымдары әр алуан және күрделі болып келеді.

Мамандардың пікірінше, бұлардың қазіргі заманмен уақыт айырымы 9 миллион жылға жуықтайды. Бүгінде Навои облысы аумағынан осындай үш ірі бағандар табылған. Олардың ішіндегі Мыңбұлақ колониясы ең ірісі болып табылады. Бұдан басқа тағы Тамды ауданындағы Қарақатын және Молалы бағандары да бар.

Тау жыныстары болып қатып қалған бұл тұлғалар бойынан теңіз жыртқыштарының тістері іздері де табылып қалады. Ғалымдар осының арқасында бір кездері Қызылқұм өңірінің мұхит табаны болғанын, онда әр алуан жылдары динозавр, қолтырауын, акула және скат тәрізді жан-жануарлардың мекен еткенін анықтады.


«Мемлекеттік табиғатты қорғау бағдарламасына сәйкес, Жарақұдықтағы тас ормандары территориясынан қорғалатын аймақ жасап, оған аудандық тарихи-өлкетану музейінің филиалы мәртебесін беру мәселесі қарастырылды. Өткен жылдың соңында Өзбекстан Республикасы олий мәжілісі жанындағы үкіметтік және коммерциялық емес ұйымдар мен басқа да азаматтық қоғам институттарына қолдау көрсету қоғамдық қорынан тас орманына қорғаулы табиғи территория мәртебесін беру және оған жергілікті жастардың назарын аудару жөнінде әлеуметтік тапсырыс алынды.

Енді бұл жерден табиғи парк жасау оның шекарасын нығайтып, аумағын толық бақылауға алуды ұйымдастыруға қол жеткіздіреді, сондай-ақ туристік маршруттар ашуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті облыстық табиғат қорғау басқармасының маманы Зубайда Душанова.

Дереккөзі: ras.kz
нравится:    1165
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии