|    |  
15 желтоқсан 2018
02:42
қаз
Өздерін әлемнің қожайыны ретінде санайтын 3 жұлдызнама белгісі
09 тамыз, 10:36 1377
Олар өздерімен үнемі мақтанады. Өздерін әлемнің қожайыны санайды, сол себепті ойына келгендерін істей аламыз деп есептейді. Олар өздерін керемет күш иесі деп таниды және бұған сенімді де. Былайша айтқанда, өздерін Құдайға теңеуден де жалықпайды!



Міне, төменде көрсетілген жұлдызнама белгілеріне тиесілі адамдар осылар:

Торпақ

Өзіне ең сенімді адамдар дәл осы жұлдызнама белгісіне тиесілі. Олар қай уақытта тоқтау керектігін білмейді және қателескенін мойындамайды да. Олар өздеріне рұқсат етілген барлық нәрсені жасай алатынына сенімді, бұл оларды сабырлы адамдарға айналдырады. Егер біреу олардың табысқа жетуіне күмәнданса, ашулануы мүмкін. Олар көбінесе басқалардың үстінен қарап, ар-ұятты жиып қоюдан тайынбайды.

Арыстан

Менменшіл адамдар Арыстан белгісі жұлдызнамасына тиесілі. Олар үнемі назарда жүргенді ұнатады, олар өзгелерден жоғары көрінгісі келеді, өйткені олар өздерінің ең жақсы әрі лайықты екендігіне сенімді. Олар Құдайдың көмегімен жер бетіне жіберіліп, табиғаттан тыс тылсым күштерге ие екендігіне сенеді. Олар дүниеде болып жатқан бар жақсы нәрсені тікелей өздерімен
байланыстырады, өйткені өздерін мақтағанды ұнатады.

Тауешкі

Кім осындай болуы мүмкін? Ешкім! Мәселен, тауешкілер дәл осылай ойлайды және бәріне менменсіп қарайды. Шындығында, оның жетістіктерінің көбісі өзінің ақыл-ойы мен пайымына тікелей байланысты, алайда бұл дегенің үнемі оның жолы болады деген сөз емес. Ол әрдайым өз жетістігін әсірелеп жібереді. Ол өзі туралы ерекше жақсы пікірде, сондықтан өзгенің ойына құлақ аспайды да.


Дереккөз: moimozg.ru

 


Жаңалықтар