|    |  
21 қараша 2018
00:49
қаз
Өзге планеталықтардың бар екеніне сенетін атақты ғарышкер қайтыс болды
06 ақпан, 19:23 858



АҚШ-та Ай бетіне аяқ басқан алтыншы адам - ғарышкер Эдгар Митчел 85 жасында дүние салды, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.
Ол Флорида штатындағы Уэст-Палм-Бич қаласының ауруханасында көз жұмған.

Митчелл 1971 жылдың 5 ақпанында «Аполлон-14» миссиясының құрамында болған. Айға қонғанына 45 жыл толуына небәрі бір күн қалғанда қайтыс болды.

Ғарышкердің есімі оның атақты мәлімдемесімен байланысты. Ол беймәлім ұшу нысандарының көбі шынымен де өзге планеталықтардың ғарыш кемелері екенін айтқан, өзі соған 90 пайызға сенімді екенін де жеткізген болатын.

 
Жаңалықтар