23 Август
12:19
Астана: 25 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Кербез
9 наурыз 14:54
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Өзгелерге ұнаудың 7 жолы

Адамның бәріне бірдей ұнау мүмкін емес. Өйткені әркімнің таңдауы мен талғамы басқа. Бірі - мейірімді, әрдайым күлімсіреп жүретін жанды ұнатса, екіншісі - ешкімнің пікірімен санаспай, тек өз бетінше өмір сүретін жандарды дос етеді. Осыған байланысты назарларыңызға көпшіліктің көңілінен шығуға көмектесетін кеңестер ұсынамыз. 

1. Әзіл-қалжыңды жиі айту. Әзілдесе білуді туа біткен мінез деп қараудың қажеті жоқ. Кез келген адам өзіне сенімділік, әзілқойлық, жарқын мінездерді қалыптастыра алады. Әсіресе үнемі жанындағы жандарға қуаныш сыйлап, күлдіріп жүретін адамды жақтырмайтындар аз болады.

2. Кісіні бағалай білу. Жағымпаздану мен мақтаудың түк қажеті жоқ. Досыңның немесе жаныңа жақын жанның артықшылығын шынайы бағалай біл.

3. Қарапайымдылық. Өзіңізді достарыңыздың, жақын жандарыңыздың алдында қарапайым ұстаңыз. Істеген жақсылықатрыңызды айтып жарияға жар салудың қажеті жоқ. Аз сөйлеп, көп іс тындырсаңыз, ол жайында жұрттың өзі-ақ айтатын болады.

4. Қайырымдылық. Өзгелерге көмек қолын созуға даяр тұратын жандар жұртшылыққа ұнайды.

5. Нақтылық. Өзгеге өтірік айтпаңыз. Айтқан сөзіңізде тұрыңыз. Жауаптылықты сезініп, кез келген істі уақытында орындауға күш салатын жандар жұртшылыққа ұнайды.

6. Өзгелерді тыңдай білу. Әңгіме барысында кісінің сөзін бөлмей, мұқият тыңдасаңыз оның сізге деген көзқарасы бұрынғысынан да жақсара түсетін болады.

7. Сыпайылық. Өзгелерге ұнағыңыз келсе өзіңізді кез келген ортада тәртіпті, мәдениетті ұстаңыз. 

massaget.kz
нравится:    1035
Теги: Психология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии